Қазақстандық өнер жұлдыздарының жүктілік кезі (фото)
Бұрынырақта қазақтың келіншектері жүктілік кезінде елдің көзіне көрінбеуге тырысқан. Кең көйлектер киіп, домаланған ішін барынша жасыратын. Суретке түсу деген тіптен жоқ. Түскен күннің өзінде, оны отбасылық альбомдарда сақтаған.
Ал бүгінде бәрі басқаша. Заманына қарай адамы өзгерген. Техника мен технология дамыған заманда қыз-келіншектер өмірдегі ең маңызды кезеңде арнайы фотосессия жасайтын болған. Бұл ретте Stan.kz назарларыңызға ең сұлу аналар тізбегін ұсынады.
Актриса әрі тележүргізуші Аша Матай мен оның жары Арман Қоңырбаев өткен күзде қызды болды. Жүктілік кезін елге жария қылып көрсеткенімен, Аша әлі күнге дейін қызы Асылымды халыққа көрсеткен емес.
Жуырда Айдана Меденова екінші сәбиін дүниеге әкелді. Көпшілік Айдананың жүктілігінен хабарсыз болды. Ал продюсер Әлішер Нұржанов пен Айдананың бүгінде екі баласы бар.
Актриса Әлия Телебарисованың бір қызы бар.
Жүкті кезінде ішін жалаңаштап суретке түсу сәнге айналды. Мұндай батыл қыздардың көшін актриса Айнұр Ілиясова бастап тұр. Айнұр бір қыздың анасы.
Сол сияқты әнші Диана Шарапова да жүкті әйелдің қандай бақытты болатынын мына сурет арқылы көрсеткісі келіпті. Әншінің бір ұл, бір қызы бар.
Танымал әзілкешке тұрмысқа шыққан Ақбота Сейтмағамбет соңына дейін жүктілігін жасырып келді. Елдің аузына қақпақ бола алмасын түсінген соң әнші аяғы ауыр кездегі суреттерін көрсете бастады. Ақбота мен актер Дәурен Айдарқұловтың бір ұлы бар.
Актриса, тележүргізуші Рано Омарова бір ұлдың анасы.
Жүктілік кезінде ішін жалаңаштаған тағы бір қазақстандық актриса – Дарья Александрова.
Жіберіп алмаңыз:
Мәдина Сәдуақасова Мейрамбектің көзіне қарауға ұялып жүргенін айтты (видео)
Салтанат Бақаева екінші рет ақ көйлек киіп, жұртты шулатты (фото)
Қазақстандық бүлдіршін халықаралық сұлулық және таланттылар байқауында топ жарды (фото, видео)