Қазақстандық музыканттар Димашты қолдау үшін Қытайға аттанды
Димаш Құдайбергенов “Singer-2017” байқауының кезекті турында Қазақ Ұлттық өнер университетінің халық аспаптар ансамблімен бірге халық әні “Дайдидауды” орындайды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
“Димаш Құдайбергенов Қытайдағы I am a singer жарысында халық әні “Дайдидауды” Қазақ Ұлттық өнер университетінің халық аспаптар ансамблімінің сүйемелдеуімен орындайды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауы арқылы ансамбль Қытай еліне жетіп, дайындықтарын пысықтауда. Димаштың курстастары Қытайға қуана-қуана аттанды және бұл керемет ән орындау болғалы тұр. Балалар сахнаға арнайы осы кешке арнап тігілген ұлттық киім киіп шығады”, – деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбуктегі парақшасында.
Сонымен қатар, министр дәл осы “Дайдидау” әнімен Димаштың “Славян базары” байқауында бас жүлде алғанын да атап өтеді.
“Достар, қане біздің студенттерге барлығымыз сәттілік тілейік. Димашқа жеке өз басым жеңіс тілеймін!”, – деді Мұхамедиұлы.
Оқи отырыңыз:
Төреғалидің туған қарындасына арнаған өлеңі көптің жүрегін елжіретті
Джеки Чан Димаштың суреті бейнеленген футболка киіп жүр (фото)
33-ке толған Мақпал Исабекова туған күнін қалай атап өтті? (фото, видео)
Бақытбек Есентаев: Баянның опасыздығы үшін ол азаматтың отбасының бұзылғанын қаламадым