Қазақстандық клип Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін (видео)
Қазақстандық «Аквафон» тобының «Маған қолыңды бер» атты бейнебаяны Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін.
Фото: Ержан Әшім
Бұл туралы Экспресс-К хабарлады.
Универсиада ойындарына арналып шығарылған бейнебаянда 43 тілде сәлемдесу сөздері айтылады. Оның ішінде қазақ, орыс, ағылшын тілдері де бар. Дәл осы себепті клип әлемге әйгілі Гиннес рекордтар кітабына енуі мүмкін.
Туынды әуенінің әрі мәтінінің авторы және орындаушысы Олег Беловтың айтуынша, бұл әлемдік рекорд. Қазіргі уақытта бейнебаянды Қазақстандағы КИнЭС рекордтар кітабы қарап жатыр.
Бұдан бөлек, Белов бейнебаянның Гиннес рекордтар кітабына енуі мүмкін екенін де жеткізді. Әзірге өтініш қаралу үстінде.
Ол аздай, Белов «Аквафон» тобының жуырда жарық көрген альбомындағы 3 бірдей туындыны Гиннеске кіргізуге болатынын мәлімдеді. Ол 83 қаланың аты аталатын «Поехали-гали», өлең мәтініндегі барлық сөздер жіңішкелік белгісімен (ь) аяқталатын «Научись летать» әні және барлық сөздері «П» әрпінен басталатын ән тарихындағы алғашқы «Просто поверь» әні.
Алайда рекордтар кітабына тіркелудің өзі әр жаңалыққа 800 доллар көлемінде ақша талап етеді екен.
«Қанша дегенмен, бұл коммерциялық жоба. Сондықтан тәуекелге бара алмадық. Алайда Қазақстандағы рекордтар кітабына ену үшін тіркеуге ақы төлемейсіз, сондықтан тиімдісі осы», – дейді музыкант.
Бейнебаянның түсірілім жұмыстары Алматыда және Алакөл көлінде өткен.
Жіберіп алмаңыз:
Бес жыл көрсетілген «Келін» телехикаясы ақыры аяқталатын болды
Лидо үйсіз әрі аш-құрсау балаларға тамақ алып берген
Жанкүйерлері Инстаграмды Димаштың қолдан салынған суреттерімен толтырды (фото)
Қытайда Димаштың суреттері бейнеленген заттар сатыла бастады (фото)