Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ХҚКО қызметкерінің әрекетінен кейін көңіл білдірген жігіт не істерін білмей ұялып қалды

Халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істейтін қыз өзіне көңіл білдіріп қоймаған жігіттің бетін қайтарып тастады.

4565678768679967

Бұл туралы Facebook желісінде Санжар Бокаев есімді қолданушы жазды.

“Жаңа төлқұжат алдым. ХҚКО-на келіп талон алдым. Менің номерім жанғанда, үстелге жақындадым. Менің алдымдағы адамға әлі қызмет көрсетіп жатыр. 2 метр жерде жақын тұрмын. Олардың әңгімесі маған естіліп тұр”, – деп жазады қолданушы.

Жігіт: “Мүмкін киноға барамыз?”.

Қызметкер қызда үн жоқ.

“Нешеде шығасың? Сені алып кетейін”, – деп жатыр жас жігіт.

Оны асықтырайын деп ойладым да, мүмкін тіл табысып қалар, тағы да күте тұрайын дедім.

Жігіт бар жақсы сөзін айтып жатыр.

Осы кезде қызметкер қыз оған төлқұжатын қайтырып берді де, дауыстап сөйледі:

“Данияр Серікұлы! Үйленген! Әйелінің есімі – Гүлмира. Туған жылы… Балалары…” деп балаларының аты мен туған жылдарын атай бастады.

Жігіт не дерін білмей сасып қалды. Ол барлық мәліметтің базада сақталатынын білмесе керек.

Қыз жігіттен “Тағы да сұрағыңыз бар ма?” деді.

Мен күлкімді тыя алмай өзімді әрең ұстадым. Жас жігіт тездетіп шығып кетті.

Тағы да оқыңыз:

Үйленуді армандап жүрген жігіттер Қазақстанда тәрбиелі қыз жоқ екенін айтып наразы болды

Димаш сахнада ұшып жүріп ән айтты (видео)

Астаналық әйелдер 5 күйеуді кезегімен тартып алған көңілдеспен жолықты

Талқылау