Қазақстандық келін тікелей эфирде өзін мезі еткен енесі туралы айтты
Қазақстандық келіншек тікелей эфирде өзін әбден мезі қылған енесі туралы айтып берді. Енесі барлығының жалақысын жинап алып отырады екен. Тіпті, гигиеналық заттар мен іш киімдерді өзі алып беретін сыңайлы.
Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.
«Менің жасым жиырма үште. Тұрмысқа шыққаныма 6 жыл болды. Бір ұл, бір қыздың анасымын. Жолдасым бір үйдің жалғыз ұлы. Үш әпкесі бар. Отбасын құрғалы ата-енеммен бірге тұрамыз. Менің енем арамызға көп түседі. Осы үшін қатты алаңдаймын. Тіпті, барлығымыздың ақшамызды сол кісі ұстайды. Карточкамызды алып алған. Азық-түлік пен пәтер ақыны өзі төлеп отырады. Ұят та болса айтайын, « Іш киімдерді, гигиеналық заттарды өзім аламын. Сен қымбатын таңдап қоясың» деп айтады. Керек заттарыма ақша сұрасам, үйде ұрыс болады. Жолдасымның ақшасында жұмысым жоқ. Барлығына жеткізіп, жаратып отыр. Киіміміз бүтін, қарнымыз тоқ. Тек іш киім мәселесіне дейін араласпағанын қалаймын. Ол кісіге бұл тілегімді қалай түсіндірсем болады.
Қазір жағдайымыз өзгермеді. Қосымша желілік маркетингпен айналысып, өзіме керекті заттарымды алып жатырмын. Енемнің әрекеттеріне сабырмен қарауға тырысып жүрмін. Бір шетінен осылай болғаны да дұрыс шығар. Менен ақшаға байланысты келісімімді ешкім сұрамады. Тек талаптар қойылды. Картамды қайтарып, басқасын жасатып та көрдім. Осының салдарынан үйде үлкен жанжал болды. Нәтижесінде ақшамды сұрамайтын болдым. Желілік маркетингпен айналысып, айына 10-15 мың теңге тауып отырмын. Бірақ, ақшаны өзіне жұмсамайды. Жинап, қалғанына үйге керекті заттар алып отырады. Ақшаны ұрысып жатып әрең берген кезде алғың келмей қалады», – дейді келіншек.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Көңілдес сүйіктісін отбасынан ажырата алмай қиналып жүргенін айтты
Алып қашудың құрбаны болған бойжеткен қайын жұртының көрсеткен қорлығы туралы айтты
Келіншек күйеуіне “бұйырмаған” қыздық пердесін хирургиялық жолмен алдырмақ