Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық кәсіпкер Жомарт Ертаев Ресей азаматтығын алуды сұрады

Бұған дейін халықаралық іздеуде болып, жақында ғана қолға түскен қазақстандық белгілі банкир Жомарт Ертаев Ресей азаматтығын беруді сұрады.

Қазақстандық кәсіпкер Жомарт Ертаев Ресей азаматтығын алуды сұрады

Бұл туралы РИА Новости-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Кеше, бейсенбі күні Мәскеудің Пресненск аудандық сотында Жомарт Ертаевты қамауға алу туралы шешім қабылданған кездесу өтті.

«Сот Ертаевтың Ресей азаматтығын алу туралы өтінішін қарау нәтижелерімен бірге, қосымша дәлелдемелер ұсынғанға дейін оның қамауда отыру уақытын ұзартуды қажет деп санайды», – деді сот төрағасы.

Мәскеу прокуратурасы сотқа Ертаевты 16 маусымға дейін қамауда ұстау туралы шешім қабылдауды, сондай-ақ, қазақстандық банкир халықаралық іздеуде болғандықтан қамауға алу мерзімі өткеннен кейін өз Отаны Қазақстанға жіберуді сұрады.

Атышулы банкир 8 мамырда Мәскеуде ұсталды. Ол алаяқтыққа қатысты үлкен көлемде ақша жымқырғаны үшін халықаралық іздеуде болды.

Оқи отырыңыз:

Оралдық азамат енесін атып өлтіріп, қайын атасын жарақаттаған

Бұл өтірік өмірден шаршадым: Жамбылда өз үйінде асылып өлген ревизордың әйелі күйеуінің ақырғы хатын оқып берді

Ақмола облысында ескерткішке қойылған гүл шоқтарын бірнеше сағаттан кейін қайта алып кеткен 

Астанада екі сәби көмірқышқыл газына уланып ауруханаға түсті

 

Талқылау