Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық екі әйелдің төсінен паразитті құрт табылды

Мамандардың айтуынша, бұл өте сирек кездесетін құбылыс. Дертті дәл табу қиын, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы  Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қауіпті дертпен ауыратын науқастарға әдетте сүт безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылып жатады.

Сүт безі басқа органдардың зақымдануынан, әсіресе, бауыр эхинококкозымен болуы мүмкін.

Екі әйелдің сүт безінен құрт табылды. 29 жастағы әйелге қатерлі ісік диагноз қойылғанымен, онысы расталмайды. Науқастың төсінен паразитті құрт бары анықталды. Ол ұзақ уақыт бойы бауыры ауырып, есепте тұрған. Қазір Қазақ ғылыми-зерттеу онкология және радиология институтына емделу үшін жіберілді.

Екінші жағдай 50 жастағы әйелге қатысты. Ол да бес ай бұрын бауырын емдеткен. Ол маммолог маманымен кеңесіп, бауырын хирургиялық жолмен емдеген.

Кеуде эхинококкозы  – сирек кездесетін және нашар зерттелген патология. Бұл дерт, әсіресе, эндемиялық аймақтарда кездеседі. Дәрігерлердің айтуынша, эндемиялық аймақтарға Қазақстанның оңтүстік өңірі жатады.

Тағы да оқыңыз:

Астана тұрғындары: Түні бойы айналаны елестер кезіп, лифтімен кіріп-шыққаны анық байқалады

Биыл ҰБТ-ға қатысты түлектерге көмек болатын бірнеше жеңілдіктер енгізіледі

Алматыда оқушы қызға шабуылдаған «вампир ер адам» ұсталды (фото)

Атырауда лифт шахтасынан құлаған екі жасөспірім көз жұмды

Талқылау