Қазақстандық дзюдошылар Тунисте өткен Гран-При кезеңінде қола жүлдеге ие болды
Қазақстандық дзюдошылар Ғұсман Қырғызбаев пен Ерлан Серікжанов Тунисте өткен Гран-При кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz.
Сурет: Қазақстан дзюдо федерациясының сайтынан
Қазақстандықтар турнирдің алғашқы күнінде жүлдеге ие болған.
Ғұсман Қырғызбаев 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға дейін жетіп, франциялық спортшы Валид Хьярдан жеңіліс тапқан. Ал ақтық кезеңде отандасымыз Мароккодан келген Ясин Моудатирді жеңіп, Қазақстан құрамасының қоржынын қола жүлдемен толықтырды.
Ал Ерлан Серікжанов 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда ресейлік Иса Исаевты жеңіп, үшінші орынға ие болды.
Естеріңізге сала кетсек, Тунистегі Гран-При 19-21 қаңтар аралығында өтеді. Турнирге әлемнің 46 мемлекетінен 334 спортшы қатысып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Бұрынғы әлем чемпионы: Головкин боксшы ретінде дамып жатқан жоқ
Даяшының Головкин жайлы сұрағы атақты бапкердің жүйкесіне тиді
Марафонда дәретханаға тығылып чемпион атанған спортшы спорттан қуылды
Головкин-Альварес жекпе-жегінде есептің тең болуына басты кінәлі адам анықталды