Белгілі қазақстандық әнші Жанна Саттарова көз жұмды
Алматыда джаз жанрында ән салатын қазақ әншісі Жанна Саттарова көз жұмды.
Бұл туралы әншінің әпкесі Гаухар Саттарова Facebook-тегі парақшасында жария етті.
Жанна Саттарова бірнеше жылдан бері обыр дертімен күресіп келген еді. Айықпас дерт ақыры әншінің ажалына себеп болды.
Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында Гаухар Саттарова сіңлісінің өз үйінде қайтыс болғанын айтты.
“Онымен қоштасуды “Қазақконцертте” ұйымдастырғымыз келеді. Оны бүгін шешеміз”, – дейді Саттарова.
Әпкесінің айтуынша, Жаннаға шетелдік дәрігерлер де көмектесе алмапты. Сол себепті Жанна соңғы екі айдан бері Алматыда емделген.
Оқи отырыңыз:
Айқын мен Жұлдыздың үйленуіне орай әріптестері өз ойларын ашық айтты
Тұрсынғали Алагөзов сүйіктісі Баян Есентаеваға арнап сусын шығармақ
Талқылау

Қазақта күйеу жігіт қайын жұртына иіліп сәлем салған – Этнограф
Желіде күйеудің қайын жұртына сәлем салу дәстүрі талқыланып жатыр

"Телефонынан 152 хабарлама өшірілген": Атырауда белгісіз жағдайда көз жұмған оқушының анасы істің екінші рет жабылғанына наразы
Адвокат: "99-бап (қасақана кісі өлтіру) бойынша сотқа беруге қорқып отыр"