Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық азамат Қытайға “қартаюға қарсы қолданылатын құрттарды” өткізбек болған

Кеше Қазақстан-Қытай шекарасында кеден қызметкерлері 1982 жылғы Сәкен есімді Қазақстан азаматын ұстады. Тексеру кезінде оның белдігінің ішінен салмағы 300 грамдық кордицепс “құрты” бар полиэтиленді пакет табылған.

1351621179

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Пакет ШҚО Зайсан ауданындағы “Майқапшағай” постына жеткізілген.

Кордицепс – көбелектердің ұрық тастауынан пайда болатын саңырауқұлақ секілді паразитті құрт шөп. Оны өсімдікке де, шөпке де жатқызуға болмайды.

Кейбір деректер бойынша, Қытайдың ішкі нарығында кордицепстер 10 мың доллардан сатылады екен. Сондай-ақ, ол Қытайдың халық медицинасын мен фармакологиясында қолданылады. Яғни, кордицепс адам өмірін ұзартуға және адам ағзасының күшеюіне әсер ететін таптырмайтын өсімдік ретінде қолданылады.

Талқылау