Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел 2 баласын тастап, анасын асырауды жөн көрген күйеуі туралы айтты

Қазақстандық әйел екі баласынан бас тартып, анасын асырауға кеткен күйеуі туралы айтып берді.

16110539_585673011557326_3310573345946206208_n

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Сингапур, Неаполь, тіпті, Еуропаның кейбір дамыған елінде отбасындағы басшы ерлі-зайыптылардың тапқан табысына қарай анықталады. Ауғаныстан жерінде ер азаматтар әәйел құқығын шектеуге үйренісіп қалған. Заң бойынша, әйелден кешірім сұраған еркектің тілі кесіледі. Ал Американың кейбір штатында керісінше әйелін үйіне жылына бес реттен кем жіберген еркек сөгіс естіп, заңмен қудаланады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде әрбір бесінші еркек қана өзінің жалақысы мен отбасының тізгінін әйеліне беріп қояды. Аталған бағдарламаның қонағы Фариза ханым дәл осындай ер азаматтарға қызығатынын айтып отыр. Ол осыдан алты жыл бұрын екінші рет тұрмысқа шыққан. Бүгінде бір қызы мен бір ұлы бар. Алайда күйеуі осы екі сәбиді асыраудан бас тартқан екен.

“Күйеуім тапқан табысын өзіне ғана жаратады. Үйге ақша әкелгенімен, оны міндет қылады. Ақшаны қайтадан өзімнен алып қояды. Биыл тұрмыс құрғанымызға алты жыл толады. Бұл – менің екінші жолдасым. Өзі үйленбеген әрі бойдақ болатын. Менің бұрын бір рет тұрмыста болғанымды бетіме басқан емес. Бірақ үйге әкелген ақшаны өзіне ғана жаратады. Балаларымды ақшамен қамамасыз етпейді. Арасында ақшасын енеме береді”, – дейді ол.

Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы бастапқы бір жылда қалыпты болған. Яғни ақшаға қатысты ешбір проблема тумаған. Үйде Фариза ханымның жолдасы ғана жұмыс істесе де, ол жалақысын әйеліне әкеліп беріп отырған.

“Бастапқы бір жылда жағдайымыз жақсы болды. Ол кезде жалақысын қолыма әкеліп беріп отыратын. Осыдан кейін ақшаны өзім ұстап үйреніп қалдым. Артынша “мен сендерді асырап жатырмын. Мен сендерді баққым келмейді” деп міндет қыла бастады. Енді міне отбсын тастап кетіп қалды. Бұл жігітке тұрмысқа шыққанымда оның апасы мен анасы маған қарсы болды. “Тұрмыста болға екен. Сен – бойдақсың. Оны қайтесің? Ішіндегі бала сенікі емес” деп әбден миына құйған. Қызым да, ұлым да осы жолдасыма ұқсайды. Бірақ кейде “балалар менікі емес” деп көкіректен тебеді. Соңғы 7 жыл ішінде әйел бақытын сезініп көрмедім”, – дейді Фариза ханым.

Күйеуінен көңілі қалған қазақстандық әйел енді ажырасуға шешім қабылдап отыр. Ал ұлын төрт айлығынан бері өзінің туған анасы қарап жатыр екен. Бұған Фариза ханымның жұмсқа шығуы себеп болған-ды.

16110146_139986103173125_3160570092714983424_n

“Бізді асырағанын міндет қылған кезде, мен барлығын тастап жұмысқа шығып кететінмін. Балалардан бас тартып отырғандықтан, ажырасуға шешім қабылдадым. Онсыз да “Сендерді асырағанша, шешемді асырайын” деп үйден кетіп қалған болатын. Мен жалақы алған кезде алдап-сулап ақшамды алып қояды. Өзі ақша тапқан кезде маған зер салмайды. Әдетте таңғы алтыда кетіп, кешкі жетіде бірақ келеді. Жалпы өзіме ақша қимайтын адаммын. Бірақ балаларымды киіндіргенді жақсы көремін. Басмеымызда үй болғанда, мен ақша жинап қиналмайтын едім. Күйеуім мен ақша жинауға тырысқан сайын, етегімнен тартып отырады.  Ал балаларымыз өсіп қалды”, – дейді ол.

Күйеуінің қамсыздығынан көңілі қалған келіншек өзі жұмыс істеуге кіріседі. Алайда алты ай бойы жинаған ақшасын күйеуі ұрлап кеткен екен. Ол қомақты соманы ойынханаға жұмсаған.

“Жуырда ішпей-жемей жұмыс істеп жүріп көп ақша жинадым. Алты ай бойы таңертеңгі тоғыздан кешкі сағат он бірге дейін демалыссыз жұмыс істедім. Дүкенде жұмыс істеп жинаған ақшамды үйге тығып қойдым. Бұдан кейін өз жолдасым өзімді тонап кетті. Ол әлгі ақшаны тауып алып, “Осы ақшамен сен өз отбасыңды асырайын деп отырсың” деп айғай шығарды. Үнемі оған “Депозитке ақша салайық, үй алайық” деп айтып отыратынмын.

Шешем 2007 жылы жер алуға арыз берген. Ертең әлгі жердің кезегі келеді. Ақшаны осы жерді аламын деп жинаған едім. Ақыры сол ақша казиноға кетті. Ал әке-шешем менен ақша сұраған емес. Керісінше әкем көзінің тірісінде мені біржақты етіп кеткісі келетінін айтып отырады. Әлі де болсын отбасымды сақтап қалғым келеді. Енемді баласының не істеп жүргенін көрсін деп Астанаға алып келдім. Өзі де екінші рет тұрмысқа шыққандықтан, балаларына сөзі жүрмейді. Тіпті, өзіме “Үйлерің жоқ кезде мына балаларды не үшін тудың?” деп ұрысып тастады. Мен ол кісі жақтырмайды”, – дейді Фариза ханым.

Мұндай жағдай қазақстандық отбасыларда жиі кездеседі. Ерлі-зайыптылар әдетте үйдегі басшылыққа таласады. Осыған орай психолог маман Ержан мырза отбасылы жандарға кеңесін ұсынды.

“Аяқ киім мен үйдегі басшылықтың бір-біріне тікелей қатысы бар. Осы аяқ киімге қараған сайын көрермендеріміз менің айтқандарымды еске алатын болса, отбасында ешқандай кикілжің тумайды. Енді оң аяқтың басшы болғанын елестетіп көрейік. Бір ғана оң аяқпен межелеген жерімізге жете аламыз ба? Жоқ. Адамның бір аяғы алға жылжи беретін болса, өзі шпагатқа отырып қиналып қалады. Яғни адам екі аяғын кезегімен басып отырса, дұрыстап жүре алады. Сол секілді отбасында кейде еркектікі, кейде әйелдікі дұрыс болуы тиіс. Осындай да ғана отбасы көкке өрлеп, алға қарай жүреді. Әйел адам өзінің отбасын басқаратындығын айта беретін болса, бұл сол аяқтың ғана алға жылжығанымен тең. “Мен айттым, осылай болуы керек, менікі ғана дұрыс” деп айта беретін болса, шпагатқа отырып, ақырында құлайды. Сондықтан ерлі-зайыптыларға аяқ киім секілді болуға кеңес беремін”, – дейді маман.

Алайда Ләйлә Сұлтанқызы отбасында мұндай тепе-теңдіктің болуына келіспейтінін айтты. “Мен тепе-теңдіктің болуына келіспеймін. Қалай тепе-теңдік болуы мүмкін? Біздің қоғамда отбасын енелер басқаратын кездер болады. Адамда үш аяқ болуы мүмкін емес. Ал мұндайда сонда не істейміз?” – дейді ол.

“Мысалы, ақшаны табу, жұмыс істеу, қолдау, көлік алу сынды ер кісіге тән қасиеттерде оның айтқаны болуы керек. Бұл ер әйелімен ақылдаспасын дегенді білдірмейді. Кейде әйел мен еркек ақылдасса да, алғашқысы шешімді қабылдайтын кездер болады. Ол – баланы балабақшаға беру, үйге алатын ыдыстың сапасы мен түсі сынды мәселелер. Ененің “басшы боламын, басқарамын” деген комплексінен құтылуымыз керек. Қазір ғана телефон соққан көрерменіміз “Мен келіннің ісіне араласпаймын. Ал үйде атамыз басшы” деді. Байқасаңыз, ер адам басшы болған жерде әйел адам басшылыққа ұмтылмайды. Біздің психологиялық зерттеулерімізге сәйкес, әйел кісі басшы болуға, жұмыс істеуге талпынатындай табиғатпен жаратылмаған. Олар ер кісінің көлеңкесінде, соның қолдауында, соның қарамағында еркелеп өмір сүріп, бала-шаға асырап, от анасы болуға жаралған.

Бұл – табиғи заңдылық. Бірақ кейбір себептер сол табиғи заңдылықты бұзып жатыр.  Енді “Ер кісінің бойындағы қандай қасиеттер әйел адамды басшы етіп қояды?” деген сұрақтың төңірегінде ойланып көрейік. Егер еркектердің бойында келесі қасиеттер болатын болса, олардан толықтай арылғаны жөн. Олар – ер адамның қорқақ болуы, жауапкершіліктің жоқтығы, жалқаулық. Яғни еркектің бойында осы қасиеттер болған кезде, аналық инстинкт алдыға шығып кетеді. Әйел ерін қорғап, қолдап, бала-шағаның қамын жасауға асығады. Күйеуім жұмыс істемейді екен деп әйел адам үйде отыра бермейді. Қаласа да, қаламаса да, жұмыс тауып, басшылықты қолға алады”, – дейді маман.

Ал сіздің отбасыңызда кім басшы? Әйел затының отбасының тізгінін қолға алуын құптайсыз ба?

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Психолог еркектердің не себепті көңілдес іздейтінін ашып айтты

Қазақстан мен қазақстандықтардан көңілі қалған туристер: 4 оқиға

Серік Абас-шах тоқалымен елді құтқармақ болған Қыдырәліні әжуалады

Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты

“Генерал келін” енесін жаңа түскен абысынынан қызғанып жүр

Талқылау