Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әнші өзінің тегін “дөрекі” деп санап, оны ауыстырғанын мәлімдеді

1-сәуірлік қалжың шығар: белгілі қазақстандық әнші Диана Шарапованың ендігі аты-жөні осындай. Өнерпаз қазақ халқына жағу үшін аты-жөнін түбегейлі өзгертіп тастағанын айтады.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Мені құттықтай берсеңіздер болады, енді мен Динара Шариповамын. Жалпы қазақстандықтарға менің жаңа есімім қолайлы деп ойлаймын. Шарапова дөрекілеу естілетін сияқты, себебі ағылшын тілінде «шатап» (shut up) сөзі «аузыңды жап» дегенді білдіреді. Ал қазақ тілінде «шарап» – ол ішімдік. Бірақ оны елдің бәрі іше бермейді, тіпті кейбіреулер үшін ол тыйым салынған зат.

Сондықтан да Шарипова деген тегім жақсы естіледі деп шештім. Сол сияқты Динара есімі де шығыс халықтары үшін үйреншікті. Араб тілінен аударғанда Динара «бағалы» дегенді білдіреді. Мінеки, мен ресми түрде Динара Шарипова болдым», – дейді әнші.

Әншінің тыңдармандары бұл жаңалықты әртүрлі қабылдады. Олардың бір тобы Динара Шарипованы қолдаса, ендігілері бұрынғы есіміне үйренісіп қалғандарын жеткізді.

“Менің ойымша, Диана Шарапова Қазақстан эстрадасындағы ең күшті есім болатын. Тіпті, ешқандай лақап аттың қажеті жоқ еді. Ауыстырмай-ақ қою керек еді. Бірақ енді өзіңізге ыңғайлы болса, жанкүйерлеріңіз де үйренісіп кетер деген үміттемін. Себебі аты өзгергенімен, әртістің заты өзгермейді”, – деп пікір білдірді желі қолданушыларының бірі.

Сондай-ақ, кей фолловерлер әншінің мұндай қадамға барғанына сенбеді. Олар өнер иесінің бұл жазбасын сәуір айындағы дәстүрлі қалжыңға балады. Сенбестіктің тағы бір себебі – әншінің құжаттағы суреті. Оқырмандардың айтуынша, Диананың төлқұжатындағы фото мемлекеттік талапқа сай келмейді.

Оқи отырыңыз: 

Қазақстандағы ең сымбатты күйеужігіт үйлену тойындағы суретін көрсетті

Аишаны тани алмайсың: Бүркіт жұбайының бояусыз түрін көрсетті (видео)

Қайрат Нұртас: Әке болып, үйде отырғым келеді (фото)

Алдай салу керек: Қайрат Нұртас қырсық мінезді тыңдармандарымен қалай күресетінін айтты

 

Талқылау