Қазақстандық ана қызын бермей қойған кедей жігіт байыған кезде қатты өкінді
49 жастағы Нұрғайша ханым екі баланың анасы. Бір ұл, бір қызынан үш немере сүйіп отыр. Бір кездері ол қызын сүйген жігітіне тұрмысқа шығармай қойған екен. Бұған әлгі жігіттің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы себеп болған-ды. Енді осы әрекеті үшін қатты өкініп отыр.
Нұрғайша ханымның қызы өзі сүймеген жігітке тұрмысқа шығып, одан үш бала сүйген екен. Екеуі жараспай ақыры қыз үйіне қайтып келген. Ал алғашқы сүйген жігіті қазір бай-бағландардың қатарына қосылған.
“Қызымды жүріп жүрген жігітіне бергім келмеді. Себебі, ол қарапайым шаруамен айналысатын отбасының баласы еді. Мұғалім болып жұмыс істейтін. Сырттай жақсы танимын. Қызымның бабын таба алмай қала ма деп қорықтым. Өзім ауқатты жерден шыққан соң қызымды кедей жігітке бергім келмеді. Оның сүйгенімен қосылуына кедергі жасап, басқа жігітке ұзаттым. Құрбымның ағасының ұлына тұрмысқа шығардым. Бала қалап тұрған соң қыз да уақыт өте келе қалап кетер деген ой болды. 22 жастағы қызым маған қарсы шыққысы келмегендіктен, өз келісімін берді. Араларында үш бала болса да, қызым оны сүйіп кете алмады. Оның үстіне күйеу баламның жүрісі көбейіп кетті.
Одан қызымның көңілі қала бастады. Ақыры екеуі ажырасып тынды. 28 жастағы қызым үш баласымен үйге қайтып келді. Ажырасқандарына бір жылға жуық уақыт болып кетті. Ал мен менсінбеген жігіт қазір көтеріліп кетті. Анда-санда қызым ол туралы айтып, мені кінәлайды. Іштей сол кездегі шешімі үшін өкінетінін байқап қаламын. Екеуі қайта қосылып қалар деп үміттеніп жүрмін. Енді бұрынғы қателігімді қайталағым келмейді. Қазір қызымның жеке өміріне араласпайтын болдым. Ал екеуінің дәл осылай ажырасуына күйеу балам себепші болды деп ойлаймын. Өкініш мазалап, өзімді жегідей жеймін. Мен қызымның бағын байладым”, – дейді Нұрғайша ханым.
Ләйлі Сұлтанқызы өз кезегінде кейуананың қызының жас екенін айтып жұбатты. Бірақ сүйген жігітімен емес, өзі тұрмысқа шыққан жігітімен қайта қосуға кеңес берді.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Психолог: Жақыныңыздың күнәсін кешіргіңіз келсе, оны “өлтіріңіз”
Ардагерлер үйіндегі қария қызметкерлердің күн көрсетпейтінін айтып налыды
Бақытты азаматтар әйелін ұратын жігіттерге кеңес берді
Жандарбек Бұлғақов: Еркектер серіктес болып босануды көтере алмайды