Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық 8 жасар биші Софи Манясян АҚШ-тағы өмірі туралы айтып берді (фото, видео)

Жазғы демалысын АҚШ-та өткізіп жатқан Софи шетелден алған әсерін бөлісті. Бүлдіршін дәл қазір аталған елдің үздік мамандарынан би үйреніп жүр.

13706888_1768444590078881_219618862_n

Фото: instagram.com/sofimanasyan/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды

Үш айдан бері Софи Манясян өзінің анасымен бірге АҚШ-тың Калифорния штатында тұрып жатыр. Ол жазғы демалысында Голливудтың үздік ұстаздарынан би үйренгісі келген екен. Мұнымен қатар, ағылшын тілін үйренуді қолға алған-ды. Бірнеше күн бұрын Софи өзінің Youtube желісіндегі парақшасында АҚШ-тағы өмірінің қалай өтіп жатқандығы туралы толығырақ баяндап берді.

“Білімді, толыққанды, өзіне деген сенімі мол тұлғаның өзгеге еш уақытта жамандық ойламайтыны анық. Мұндай адам өзгенің сәтсіздігіне күлмей, одан тек сабақ алады. Ал өзгенің сәтсіздігінен сабақ алатын жандар жүрегінің түбіне терең бойлағандары жөн. Мен үшін Софидің толыққанды, білімді адам болып қалыптасқаны өте маңызды. Ешкімге еліктемей, өзіңді бағалай білудің де маңызы зор”, – дейді Софидің анасы Ольга ханым.

image

14032893_286933385019211_399608576_n

Софидің инстаграм желісіндегі парақшасын үнемі анасы жүргізіп отырады. Ол қызының өмірінің ең бақытты деген сәттерін таспалап, желі қолданушыларымен бөлісуге асығады.

14134568_184641465281868_360680550_n

14310725_1570660129908263_1279773114_n

Үш айдан бері Ольга ханым Софидің Америкада жүріп түскен суреттерін бөлісіп жатыр.

В любых непонятных ситуациях.. Just #dance! )) Заряжайся!!! 💃🏼✌️😋 #НАУРОКЕ #feel#my#inspiration#hollywood#usa#cali

Видео опубликовано Official Page 🎬 Софи Манасян. (@sofimanasyan)

“Бүгін “JLo” стиліндегі билер қойылды. Барлығы да керемет болды. Бидің ырғағының жылдам болғаны соншалық, олар ұстаздың соңынан әрең үлгеріп отырды. Десе де, дайындықтың өзіне ұнағандығын айтып жатыр. Арасында кей қимылды жаттап үлгермегендігін айтып қояды. Бұл туралы үйге қайтып бара жатқан кезде сөйлесетін боламыз. Қалай болғанда да ол биден ләззат алады”, – дейді анасы.

Софи небәрі 6 жасында ЮНЕСКО-ның ең жас мүшесі атанды. Ол би билеумен қатар, ән айтып, фортепианода ойнайды. Бос уақытында сурет салып, жүзу курстарына қатысады. Әзірге биші қыз елге оралмады. Десе де, анасы инстаграм парақшасы арқылы АҚШ-та ұзаққа тұрақтамайтындығын жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Биімен желіде жұлдызға айналған “ауыл қызы” кәсіби биші болып шықты (фото)

Ақтаудағы бетперде киген бишінің кім екені анықталды (видео)

Қазақстандық биші АҚШ-та өткен сайыста бас жүлдені алды (видео)

9 жасында аяғын кестіріп протез жасатқан қыз балет бишісі атанды (фото)

Талқылау