Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық үш бүлдіршін “Пусть говорят” ток-шоуында “жарды”

Алматылық 5 жастағы Әмина, 3 жастағы Әдия және бір жарым жасар Аружан ресейлік танымал Андрей Малахов жүргізетін “Пусть говорят” ток-шоуына қатысып көрермендерді тәнті етті.

photo_24956

“Пусть говорят” бағдарламасының “Аффтар жжот” циклына қатысқан үш бүлдіршін түскен саны 30 наурыз күні эфирден көрсетіледі.

“Біз жардық десек те болады. Түсірілім ойдағыдай өтті, жақында көрсетіледі, 30 наурызда болуы мүмкін, бірақ нақты қай күні көрсетілетінін жазамын, парақшамды қарап отырыңыздар. Останкино өте үлкен, қаншама күзет, халық көп, бөлмелері жетерлік. Қысқасы, бәрі тамаша өтті, дарынды балалармен және олардың ата-аналарымен таныстық. Шексіз позитивке бөлендік”, – деп жазды қыздар Instagram парақшаларында.

Безымянный

Алматылық бүлдіршіндердің түсірген қысқа видеолары YouTube және Instagram желісінде қызығушылық тудырып, бірнеше мыңдаған көрілім жинай алған. Мұның алдында, бүлдіршіндердің ата-анасымен бірге ресейлік бағдарламаға қатысу үшін Мәскеуге аттанғанын жазған болатынбыз.

Талқылау