Алматылық үш бүлдіршін қыз «Пусть говорят» бағдарламасына қатысу үшін Мәскеуге аттанды

Бейсенбі, 24 Наурыз , 2016 16:35

Ғаламтор арқылы дүйім жұртқа танымал болған алматылық апалы-сіңлілі үш қыз – Әмина, Әдия және Аружан Малғаждар Андрей Малаховтың «Пусть говорят» бағдарламасына түсу үшін Мәскеуге аттанды. Бұл туралы Әмина Малғаждардың Instagram әлеуметтік парақшасында мәлім етілді.

78

Онда апалы-сіңлілі үшеудің анасы Арай Малғаждар: «Мінеки, біз Мәскеуге ұшып барамыз. Сіздер бізді Малаховтың іздеп жатқаны жайында жазып едіңіздер. Міне сол үшін Мәскеуге «Пусть говорят» бағдарламасының «Аффтар Жжот» айдарына қатысу үшін бара жатырмыз. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін және қыздарымызға деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін барлықтарыңызға рахмет!», – деп жазған.

Қыздардың әкесі Рамазан Малғаждардың сөзіне қарағанда, Мәскеуге бүкіл отбасы ұшып келген. Бағдарламаның түсіру жұмыстары ертең басталады. Ал сенбі күні отбасы Алматыға ұшып келеді.

79

Естеріңізге сала кетелік, «Пусть говорят» теле бағдарламасының 2015 жылғы 8 желтоқсандағы шығарылымында көрермендер Instagram желісінің кішкентай жұлдыздары – жаңадан бастап келе жатқан вайнерлер («вайн» – өмірден алынған қысқаша күлкілі бейне көрініс) – алматылық апалы-сіңлілі үш қызды көрген болатын.

Олардың «Сіңліңнен планшетті қалай тартып алудың жолы» атты бейнеролигін ғаламтор пайдаланушылар Youtube ресурсынан 1 млн. 200 мыңнан астам рет көріп үлгерген.

svsv

Әмина, Әдия және Аружан қысқа уақыттың ішінде ғаламтордың нағыз жұлдыздарына айналып шыға келді. Өйткені, олардың ата-анасы осы уақыт ішінде қыздарына қатысты қысқа да күлкілі бейнероликтерді желіге шығарып отырған. Күні бүгінге дейін апалы-сіңлілердің өзіндік фильмотекасында 100-ден астам пародия мен вайндар жинақталыпты.

«Мұның барлығы кәдімгі үйде түсірілген видеодан басталды. Алғашында өзіміз үшін түсіріп жүрдік. Кейін, достарымызға тарата бастадық. Оларға қатты ұнады. Одан кейін, бізге де бейнероликтер жіберіліп жатты. Біз адамдарға ұнайтынын түсініп, көбірек түсіруге кірістік», – деді осыған орай қыздардың әкесі.

Айта кетелік, бейнероликтердің сценариін көбінесе қыздардың анасы Арай Малғаждар әзірлейді. Ол сондай-ақ, әрі режиссер әрі оператор.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар