Қазақстандықтарға жылу үшін артық төленген 1,6 миллиард теңге қайтарылады
Фото: freepik.com
Ұлттық экономика министрлігі жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік өкілдері бұл жұмыс табиғи монополиялар субъектілерін сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты жылу есептеулерін түзетуге міндеттейтін заңнамаға сәйкес жүргізілгенін еске салып өтті.
"Қайта есептеу қорытындысы бойынша азаматтарға 1 554,7 млн теңгеден астам (ҚҚС есебімен) қаржы қайтарылады. Қаражат дербес шоттарда жеке жолмен – 2024-2025 жылдардағы жаңа жылыту маусымында аванс (сальдо) түрінде не 2025 жылдың соңына дейін күнтізбелік жыл ішінде көрсетіледі", – делінген министрлік хабарламасында.
Қаражат еліміздің барлық өңірінде қайтарылады. Атап айтқанда:
- Астанада тұтынушыларға – 224,5 млн теңге;
- Алматыда – 74,2 млн теңге;
- Қарағанды облысында – 457,0 млн теңге;
- Шығыс Қазақстан облысында – 257,2 млн теңге;
- Маңғыстау облысында – 176,7 млн теңге;
- Қостанай облысында – 106,9 млн теңге;
- Солтүстік Қазақстан облысында – 74,8 млн теңге;
- Ақмола облысында – 44,3 млн теңге;
- Павлодар облысында – 34,8 млн теңге;
- Қызылорда облысында – 23,9 млн теңге;
- Ақтөбе облысында – 24,1 млн теңге;
- Жамбыл облысында – 21,4 млн теңге;
- Абай облысында – 19,9 млн теңге;
- Атырау облысында – 11,0 млн теңге;
- Батыс Қазақстан облысында – 3,4 млн теңге;
- Алматы облысында – 0,5 млн теңге;
- Түркістан облысында – 0,1 млн теңге;
- Жетісу облысында – 0,03 млн теңге қайтарылады.
"Шымкент пен Ұлытау облысының тұтынушылары үшін есептеулерді түзету қарастырылмаған, өйткені реттелетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып қалыптастырылған", – делінген хабарламада.
Министрліктегілердің мәлімдеуінше, Астанада жылыту маусымы бойы ай сайын қайта есептеу жүргізілген, бұл температураның өзгеруін дәлірек ескеруге және тұтынылған жылудың нақты көлемін көрсетуге мүмкіндік берген.
Қосымша ақпарат алу үшін азаматтар Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттеріне мына телефон нөмірлері арқылы хабарласа алады:
Астана – (7172) 79-58-97;
Алматы – (727) 279-31-39;
Шымкент – (7252) 32-15-07;
Абай облысы – (7222) 52-17-91;
Ақмола облысы – (7162) 50-43-63;
Алматы облысы – (7273) 05-91-29;
Атырау облысы – (7122) 21-10-38;
Ақтөбе облысы – (7132) 55-73-38;
Шығыс Қазақстан облысы – (7232) 61-04-88;
Жамбыл облысы – (7262) 45-94-68;
Батыс Қазақстан облысы – (7112) 24-01-76;
Қарағанды облысы – (7212) 90-03-40;
Қостанай облысы – (7142) 54-28-76;
Қызылорда облысы – (7242) 26-22-93;
Маңғыстау облысы – (7292) 42-16-20;
Павлодар облысы – (7182) 32-12-02;
Солтүстік Қазақстан облысы – (7152) 53-42-55;
Түркістан облысы – (7253) 35-30-12;
Ұлытау – (7102) 76-07-24.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
