Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың сынынан кейін Duolingo-ны басып озған Aleem қосымшасына қазақ тілі енгізілді

Aleem енді қазақ тіліндеФото: https://www.instagram.com/geteng.official

Duolingo-ны басып озған Aleem қосымшасы енді қазақ тілінде де жұмыс істейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жағымды жаңалықты жобаның авторларының бірі Асылжан Алтай әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Aleem қосымшасы қазақ тілінде. Енді әрбір қазақ баласы ағылшын тілін қазақша үйрене алады. Қосымшаны App Store-дан жүктеп, халыққа таратайық! Қолдауларыңызға рақмет”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық жастар жасаған тіл үйренуге арналған қосымша Duolingo-ны басып озды: Бірақ қазақ тілінде болмағандықтан сынға ұшырағаны хабарланған еді. 

Қазақстандық команда әзірлеген Aleem қосымшасы іске қосылғаннан кейін небәрі бір тәуліктің ішінде Duolingo қосымшасын басып озып, Қазақстандағы App Store-дың жалпы рейтингінде көш бастады. "Білім беру" санатында Aleem қосымшасы Қырғызстан мен Тәжікстанда бірінші орынға шықса, ТМД-ның басқа елдерінде үздік ондыққа енген.

Қосымша пайдаланушыларға өздеріне ұнайтын тақырыптар бойынша сөйлесу және жазу машықтарын дамытуға, күнделікті өмірде қажет болатын сөздерді үйренуге мүмкіндік береді.

Кейінірек Stan.kz тілшісі Duolingo-ны басып озған Aleem қосымшасының жетекшісі Асылжан Алтаймен сұхбаттасып, қосымшаның идеясы қалай пайда болғаны, команда жетістікке жету жолындағы қиындықтарын және болашаққа қандай жоспарлар құрғаны туралы сұрады.

Балнұр Жұмаділла
Сейсенбі, 25 Қараша, 2025 11:50
Талқылау