Қазақстандықтардың несие деңгейі жалақыға қарағанда тезірек өсіп келеді – Ұлттық банк төрағасы
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов елде тұтынушылық несиенің жылдам қарқынмен өсіп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Ұлттық банк төрағасы тұтынушылық несиенің өсуін негізгі мәселе деп атады.
"Былтыр тұтынушылық несие 33,5% болған, бұл ұжымдық несиелеуден әлдеқайда көп. Мұндай дисбаланс инфляциялық фактор шегінен асып, қаржылық тұрақтылық мәселесіне айналып барады. Қазір тұтынушылық несиенің өте жылдам өсіп жатқанын көріп отырмыз. Бұл халықтың табысы – шын және номиналды жалақы өсімінен басып озды", – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банкі басқармаларының бірлескен қаулысы жобасында ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін 20%-ға дейін төмендету ұсынылған еді.
Талқылау