Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың коммуналдық мекемелерге қарызы 10 млрд теңгеге жеткен

Қазақстандықтардың коммуналдық мекемелерге 10 млрд теңге қарыз. Оның ішінде кәсіпкерлердің үлесі басым. Бұл соманың жартысынан көбі жылу берешегі.

Осы орайда қаладағы коммуналдық мекемелер рейд өткізіп, ақы төлегісі келмегендерге соңғы шара қолданып жатыр. Бұл туралы Евразия арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.   

Коммуналдық қызмет берешегі өткен жылмен салыстырғанда сәл төмендеу. Мәселен, былтыр қазақстандықтар су, жарық, газға 13 млрд теңге қарыз болған. Бұл жолы 3 млрд-қа аз. Бірақ коммуналдық мекемелер кейбір азаматтарға "тегін" қызмет көрсетіп, шаш етектен шығынға батып жатыр екен.           

"Қарызға келсек жаңа мен айтқандай бұл 5 млрд теңге көлеміндегі қарыз республика бойынша соңғы 3-4 жылда осы бір деңгейден азаймай тұрған мәселе бар. Ал, жалпы тұтынушылардан заң бойынша нақты осы қызмет көрсеткеннен кейін бір-ақ қаражат жинайды да, сондықтан осындай 1-1,5 айлық кассалық жетіспеушілік болады", - деді ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов. 

Тұтынған тарифіне ақы төлегісі келмейтіндермен қаладағы "Астана су арнасы" мекемесі күрестің соңғы тәсіліне көшкен. Мамандар мойнында берешегі бар адамдардың үйін аралап, тіршілік көзінен ажыратып жатыр. Өйтпеске амал жоқ дейді.

Жүргізілген рейд кезінде есігін ашқысы келмеген жандар да табылды. Ал, мамандар "қара тізімдегілерді" судан бөлек, барлық орталық кәріз жүйесінен ажыратып кетті. Қайта қостыру үшін қордаланған қарызды толық өтеу қажет.       

Мәселен, ауыз суға Нұр-Сұлтанда бір ғана заңды тұлғалар жарты млрд  теңгеге жуық қарыз. Нақтырақ айтсақ, 470 млн теңге.     

"Бүгінгі таңда "Астана су арнасына" заңды тұлғалардың берешегі 470 млн теңгеге жетіп отыр. Оның ішінде 152 млн теңге құрылыс компаниясының қарызы. Осыған байланысты біз күнделікті мекемелердің тізімін алып, орталық жүйеден өшіреміз. Қазір жұмыс істеп жатырмыз", - дейді "Астана су арнасы" МКМ  маманы Күлше Сайфуллина. 

Коммуналдық қызметке берешек болған кәсіпкерлер мекемелердің төлеу шарттарын жұмсартуын сұрайды.

"Бір ғана кәріз жүйесін орнатуға 3-4 млн теңге қаржы кетеді. Бұл ісін енді ғана дөңгелетіп келе жатқан кәсіпкерлерге өте қиын. Оларды орнатуы, жұмысы бар қып-қызыл шығын. "Астана су арнасына" кішкене түсіністік танытса екен деп айтар едім", - дейді мейрамхана әкімшісі Адилия Енилеева.

Одан бөлек, көгілдір отынға отандастарымыз биылғы жарты жылдың өзінде 5,7 млрд теңге берешек екен. Мамандар егер коммуналдық қарызы барлар ақысын төлемесе, бұл сома уақыт өткен сайын ұлғаюы мүмкін деп дабыл қағып отыр.           

Талқылау