Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың банк шоттарымен жұмыс істеу қағидалары өзгертіледі

Қазақстандықтардың банк шоттарымен жұмыс істеу қағидалары өзгертіледіФото: shutterstock.com

Ұлттық банк банктік шоттарды ашу және жүргізу, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз операциялар мен аударымдар қағидаларына өзгерістер енгізеді. Түзетулер өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арнайы шоттар ашуға мүмкіндік береді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түзетулер туралы қаулы жобасын Ұлттық банк "Ашық НҚА" порталында жариялады. Олар екі бірдей құжатқа банктік шоттарды ашу, жүргізу және жабу қағидаларына және қолма-қол ақшасыз төлемдер мен аударымдар қағидаларына қатысты болады.

Түзетулер мыналарды қарастырады:
- ғылыми жобалар бойынша гранттық қаржыландыру кезінде қаражатты мақсатты пайдалану үшін эскроу-шоттардан контрагенттермен тікелей есеп айырысу мүмкіндігі;
- арнайы салық режимі аясында операциялар жүргізу үшін жаңа Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арнайы банктік шоттар ашу.

Бірінші өзгеріс ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыруға арналған гранттардың мақсатты жұмсалуын бақылауды күшейтуге бағытталған.

Түзетулер 2025 жылғы 22 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Еске сала кетейік, 2026 жылы жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Ол үш арнайы салық режимін  - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жеңілдетілген декларация бойынша және шаруа-фермер қожалықтарын қарастырады.

 Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда мобильді аударымдардың ережелері өзгергені хаабрланған еді. 

Рая Мінәп
Жұма, 05 Желтоқсан, 2025 12:12