Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарды телефон арқылы арбап жүрген алаяқтардың СаІІ орталығы Украинада анықталды

Украинаның Днепр қаласында қазақстандықтарды телефон арқылы арбауына түсіріп, алаяқтықпен айналысқан СаІІ орталық анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Олар құқық қорғау органдарының және банктің өкілі ретінде хабарласып, ел тұрғындарының есепшоттары туралы мәліметтерге қол жеткізген. Осылайша азаматтардың шотындағы қаражаттарын иемденді. Тіпті кейбір тұрғындарға алдау арқылы несие рәсімдеткен. Ал бұл СаІІ орталықта украиналық 40 азамат жұмыс істеген.

Қазақстандық және украиндық киберполицейлер жүргізген арнайы операция кезінде қылмыстық топтың 32 адамы қолға түсті. Қылмыстық топты ұйымдастырушылар орталық операторларына түскен қаражаттан сыйақы төлеп отырған. Әзірге қанша қазақстандықтың алданғаны белгісіз. Қазір Украина тарапы қылмыстық топтың Қазақстан азаматтарына келтірген залалын анықтауда.

“Рұқсат етілмеген тұлғалар транзакцияларды тоқтатамыз деген желеумен олардың есепшоттарына қол жеткізді. Онлайн несиелер алдырған. Жәбірленушілердің ақшасын қылмыскерлердің бақылауындағы есепшоттарға аударыпты”, – деді ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес орталығының басшысы Жандос Сүйінбай.

Талқылау