Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар зейнетақының бір бөлігін қайда жұмсап жатыр?

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 75 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін алып үлгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті. 

"Биылғы қаңтарда ақпараттық жүйелерді интеграциялауға байланысты дайындық жұмысы аяқталған соң Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуға арналған өтінімдерін қабылдай бастады. 12 ақпандағы жағдай бойынша 1 855,9 млрд теңге сомасына 115 608 өтінім қабылданды. Оның ішінде 423,6 млрд теңге сомасына 78 074 өтінім өңдеуге қабылданып, мақұлданды", - деді Досаев. 

Досаевтың сөзінше, зейнетақының бір бөлігін алғандардың басым көпшілігі қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсаған. 

"Азаматтар алынған жинақтардың 87 пайызын тұрғын үй мәселелерін шешуге, оның 45,5 пайызын - тұрғын үй сатып алуға; 28,3 пайызын - ипотекалық қарыз бойынша берешекті өтеуге; 10,5 пайызын екінші деңгейдегі банктерге бастапқы жарна үшін және Отбасы банкінде ипотека алуға; 2,3 пайызын жеке тұрғын үй құрылысын салуға, ипотеканы қайта қаржыландыруға, сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті өтеуге және өзге де мақсаттарға жұмсауға ниеттенеді", - деді Ерболат Досаев.

 

Талқылау