Қазақстандықтар үшін АҚШ визасын алу құны қымбаттайды
Фото: pixabay.com
Қазақстандықтар үшін АҚШ визасын алу құны қымбаттайды. АҚШ-қа баратын туристер мен жалдамалы жұмысшылар енді виза алу кезінде 250 АҚШ доллары мөлшерінде жаңа алым төлеуге міндеттелмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
АҚШ-қа саяхаттағысы келетіндер енді 250 АҚШ доллары көлемінде (133 мың теңгеден астам) жаңа "виза алымын" төлеуге тиіс. Бұл алым салықтық жеңілдіктер мен шығындар туралы заңда қарастырылған. Аталған заңға Дональд Трамп 4 шілде күні қол қойған.
"Аталған алым 2024 жылғы 1 қазанда басталып, 2025 жылғы 30 қыркүйекте аяқталатын қазіргі федералды қаржы жылында күшіне енеді. Алдағы жылдары бұл сома инфляцияны ескере отырып өзгеріп отырады", – делінген хабарламада.
Бұл алым тек туристерден ғана емес, сонымен қатар АҚШ университеттерінде оқитын шетелдік студенттерден және уақытша жұмыс визасын алатын жалдамалы жұмысшылардан да алынады.
CNBC телеарнасының хабарлауынша, жаңа алым басқа визалық төлемдергден бөлек алынады. Сондықтан жалпы төленетін сома 455 АҚШ долларына (240 мың теңгеге) жетуі мүмкін.
Айта кетейік, АҚШ-тың иммиграция және кеден полициясы ел аумағында заңсыз жүрген және депортациялануға тиіс азаматтарының тізімін жариялаған еді. Құжатта қазір АҚШ аумағында заңсыз жүрген 369 Қазақстан азаматы бар екені және олардың депортациялануы мүмкін екені көрсетілген.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандықтарға шенген визасын алу арзандауы мүмкін екені туралы жазғанбыз.

"Кесар тілігін жасағанда баланың басын қоса тіліп жіберген": Ұлына ем іздеген алматылық әйел перзентханадағы дәрігерлерді кінәлайды
