Қазақстандықтар тойды тоқтатып "Қайраттың" жеңісін тамашалады (видео)
Шотландиялық “Селтикпен” Алматыда кездескен “Қайраттың” тарихи жеңісі мен Чемпиондар лигасына шығуы қазақстандықтарды дүр сілкіндірді. Ұлттық құраманың жанкүйерлері тойын тоқтатып қойып, ойынды ұйып тамашалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматылық “Қайраттың” тарихи жеңісі және команданың Чемпиондар лигасына шығуы жас жұбайлардың тойды тоқтатуына себеп болды. Жанкүйерлердің ұлттық құрамаға қолдау көрсетуіне той да кедергі болмады. Қазақстандықтардың той үстінде матчты тамашалап отырған видеосы тарады.
“Той жайына қалған ба, міне, жанкүйерлер”, “Тойдың үстінде той болды”, “Қашан үйлендің? Анарбеков үш пенальти қайтарғанда”, “Тойхана емес, стадион болыпты ғой”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.
Еске салайық, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде қазақстандық клуб шотландиялық "Селтикке" қарсы ойнап, топтық кезеңге жолдама алды. Алматыда өткен жауапты матчтың негізгі және қосымша уақыты тең нәтижемен аяқталды — 0:0. Екі кездесудің қорытындысы бойынша да есеп ашылмағандықтан, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.
@daniyarbukharshin Бұл тарихи сәт🤩🤩🔥🔥🔥. #қайрат #чемпион #лч ♬ original sound - daniyarbukharshin

"Эфирден қиып тастайды, концертке қатыстырмайды": Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері хиджаб кигені үшін түрлі кемсітуге тап болған
