Қазақстандықтар жапсырмасы жоғалса да, тауарды дүкенге қайтара ала ма: Шенеунік жауап берді

Алматы сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті тұтынушылар жапсырмасын кесіп алған немесе жоғалтқан жағдайда тауарды қайтара ала ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Департамент басшысының орынбасары Нұрлан Әбдиевтің сөзінше, заң бойынша тұтынушы тауардың сыртқы түрі мен жапсырмасын сақтауы керек. Алайда бұл талаптан ерекше жағдайлар бар.
Маңғыстауда йогурт тиелген жүк көлігі аударылып қалды: Жүргізуші тауарды тегін таратты (видео)
“Менің ойымша, сатушыға тауардың пайдаланылмағанын көрсету керек. Мысалы, зат дүкенде ұнағанымен, үйге барып көріп, кейін ұнамай қалуы мүмкін. Сондай-ақ адамдар үйге келіп, киіп көріп, ұнатпай, кездейсоқ жапсырмасын алып тастауы мүмкін. Алайда бұлай жасамауға тырысу керек”, - деді Әбдиев.
Дүкендер 14 күн ішінде жақсы күйдегі тауарларды қабылдауы тиіс. Егер ол бұзылған болса, себебін анықтау үшін тексеру жүргізіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Елімізде үй маңындағы дүкен иелері әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын бақылаудан босатуды сұрағаны туралы жазған едік.
Супермаркеттер желісі қазақстандық өндірістің макарон өнімдерін сөрелеріне қоюдан бас тартты