Қазақстандықтар сыйлыққа сертификат таңдағанда нені ескеруі керек – Сауда және интеграция министрлігі
Фото: 1portal.ru
Сауда және интеграция министрлігіне қарасты тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті қазақстандықтарға сыйлық сертификатын сатып алғанда не нәрсеге назар аудару керек екенін түсіндірді. Комитеттің айтуынша, жарамдылық мерзімі қысқа болса қайтарылмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыйлық сертификатын сатып алғанда тұтынушының құқығы қолдануға қосымша шектеулер қойылғанда, жарамдылық мерзімі тым қысқа болса қайтарылмайды.
Сонымен қатар толық пайдаланбасаңыз да, қалған сома қайтарылмайды. Мүлде қолданбасаңыз да, ақшаңызды қайтара алмайсыз дейді комитеттегілер.
Сертификат бұл – алдын ала төленген ақша. Оны қолдана алмасаңыз, ақшаны қайтаруға құқылысыз. Барлық шарттар жазбаша және нақты көрсетілуге тиіс. Сертификаттың жарамдылық мерзіміне және қайтару ережесіне назар аударыңыз. Егер құқық бұзылса, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгініңіз.
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңымен сатушыға (орындаушыға) тұтынушымен жасалған шарттарға тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптарды енгізуге тыйым салады.
Сатушы (орындаушы) тиісті сападағы тауарды (көрсетілетін қызметті) сатушының (орындаушының) жұмыс режимін ескере отырып, тұтынушыға ыңғайлы уақытта еркін таңдауын қамтамасыз етуге міндетті. Тұтынушыны тауарды (көрсетілетін қызметті) өзіне қажетсіз мөлшерде және (немесе) ассортиментте сатып алуға мәжбүрлеуге тыйым салынады.
"Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарды немесе көрсетілетін қызметті таңдау кезінде қандай да бір артықшылықтарды, тікелей немесе жанама шектеулерді белгілеуге жол берілмейді. Ішкі сауда қағидаларына сәйкес сатушы тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге өткізетін сыйлық сертификаттарының (тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған сертификаттардың) қолданылу мерзімі мен шарттарын сатушы белгілейтін, сатушы тегін негізде тарататын сертификаттарды қоспағанда қолданылу мерзімі үш жылға дейін болады", – делінген хабарламада.
Сыйлық сертификатын ішінара пайдаланған жағдайда, сома қалдығы бар сыйлық сертификаты үш жылдық қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды немесе сыйлық сертификатынан қалған сома көрсетілген деректерге сыйлық сертификатын ұсынушының талабы бойынша қайтарылады. Бұл норма сатушы тегін негізде тарататын сертификаттарды қамтымайды. Олардың қолданылу мерзімі мен шарттарын сатушы белгілейді. Алайда жоғарыда аталған талаптарды сатушы (орындаушы) әрқашан орындай бермейді.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне К деген азамат жүгінді. Ол Петропавлдағы дүкендердің бірінде келесі шарттардан тұратын сыйлық сертификатын сатып алды:
• сертификаттың қолданылу мерзімі – 12 ай;
• сатып алу сомасы сыйлық сертификатының құнынан аз болғанда ақшалай баламалы айырма төленбейді;
• сыйлық сертификаты ақша сомасына айырбасталмайды және қайтарылмайды.
Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, тұтынушының жолданымы негізінде департамент жоспардан тыс тексеру тағайындады. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпкерлік субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы ңұсқама шығарылды.
Қазір ңұсқаманы орындау шеңберінде сатушы сыйлық сертификатын пайдалану шарттарына өзгерістер енгізді, оның ішінде сертификаттың жарамды мерзімін оны берілген күннен бастап 36 айға дейін белгіледі. Енді осы сыйлық сертификаты туралы барлық ақпарат қазақша және орысша берілген. Тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптар алып тасталды.
Үйлену тойы болмады: Күйеу жігіттер төлеген қалыңмалын қайтарып ала ала ма?
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық әйелдің 6 жасар ұлы анасының гауһартасты сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жібергенін жазған едік. Ақтөбелік әйелдің 6 жасар ұлы анасының 600 мың теңгелік гауһартасты сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген. Қыз бұл жайлы ашық айтқанымен, оның анасы сақина туралы білмейтінін жеткізген. Әйел жағдайды әлеуметтік желіде бөлісіп, жұрттан кеңес сұрады. Заңгерлер мұндай жағдайда ешкімге заңды жаза қолданылмайтынын айтты, себебі бала кішкентай, ал дәлел жеткіліксіз.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
