Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады
Фото: Pixabay.com
Қазақстандықтар шілдеде қосымша демалыс алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025 жылдың шілдесінде қазақстандықтар басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Астана күніне орай үш күн қатарынан демалмақ. Мереке дәстүрлі түрде 6 шілдеде тойланады. Бірақ 2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты "Мерекелер туралы" заңда көзделгендей демалыс күні дүйсенбі 7 шілдеге ауыстырылды. Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн – 5 шілдеден 7 шілдеге дейін демалады.
Бес күн жұмыс істейтіндерге 5, 6 және 7 шілде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) – демалыс күндері.
Алты күн жұмыс істейтіндерге 5 шілде (сенбі) – жұмыс күні, ал 6 және 7 шілде (жексенбі және дүйсенбі) демалыс.
Демек аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалыс пен 22 күн жұмыс істесе, 6 күндіктегілерге 5 күн демалыс және 26 жұмыс күні болады.

"Денесін күйдіріп, саусағын сындырып, тиын жұтуға мәжбүрлеген": Балқашта ер адам 8 жасар баланы соққыға жықты деп айыпталды
