Қазақстандықтар Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымованың отбасына баспана алып берді
Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымованың отбасы үйлі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скриншот
Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы Перизат отбасының амандығы үшін алаңдайтынын айтып, халықтан көмек сұраған еді. Осыдан кейін қоғам белсендісі Дінмұхаммед Қаматай Перизат Айғазының отбасы баспаналы болғанын мәлімдеді.
- Желіде Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталғандардың түрмеде туған күндерін тойлаған видеосы тарады
-
Шерзат Полаттың өліміне қатысты істе 117 адамнан жауап алынды – Бас прокуратура
“Қайғылы жағдайдан кейін Шерзаттың бауыры Перизаттың отбасы қиын кезеңді бастан өткерді. Қауіпсіздік мәселесі барлығымызды алаңдатты. Осыған байланысты біз оларға қолдау көрсету үшін жаңа үй сатып алдық.
Бұл үй тек баспана ғана емес, ол – жаңа өмірдің бастауы. Алты баланың батыр анасы Перизаттың қолдауы болған сіздер. Бұл қадам олар үшін жай ғана баспана емес, болашаққа деген сенім мен жаңа өмірге қадам басуға мүмкіндік береді”, – деп жазды белсенді.
Перизат пен Айғазы көмектескен жандарға алғысын білдірді.