Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар ресейлік рэпер Тиматидің концертін өткізбеуді талап етті

Фото: https://www.instagram.com/timatiofficial/

Ресейлік әнші Тиматидың елімізге кеп концерт беруі көпшіліктің ашуын туғызды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Рэпердің 27 қараша күні Алматы-Аренада, 28 қараша күні Барыс-Аренада концерт қоятыны хабарланды. Алайда бұл жаңалық қазақстандықтардың барлығына бірдей ұнай қойған жоқ. 

“Ұйымдастырушыларға көрермендердің пікір маңызды емес. Оларға керегі – ақша. Халық Тиматидың концертіне қарсы пікір білдіріп еді, бірден әлемдік деңгейдегі мүмкіндіктен айырылдық деп жазды. Басқа елдерге барып, концерт қоя берсін. Қарсылығымыз жоқ”, – деп жазды көпшілік. 



Айта кетейік, билет құны – 15 мың теңге мен 100 мың теңге аралығында. Threads әлеуметтік желісінде кейбір қолданушылар Украинадағы соғысты қолдаған әртістердің Қазақстанға гастролдік сапармен келе жатқандарына наразылық білдірді. Одан кейін билет сатушы компанияны жағымсыз пікірлерді өшірді деп айыптады.

Фото: https://www.threads.com/

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 17 Қыркүйек, 2025 15:56
Талқылау