Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар ресейлік әнші Полина Гагаринаның концерттерін өткізуге қарсы петиция жариялады

Фото: instagram.com/gagara1987

Қазақстандықтар ресейлік әнші Полина Гагаринаның концерттерін өткізуге қарсы петиция жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстандықтар E-petition платформасына мәдениет және ақпарат министрлігіне Алматы мен Астанада өтеді деп жоспарланған ресейлік әнші Полина Гагаринаның концерттерін тоқтатуды талап етіп петиция жариялады. 

Петиция мәтінінде Гагаринаның гастрольдік сапарлары қоғамның бір бөлігінде алаңдаушылық туғызатыны атап өтілген. 

Петиция авторларының айтуынша, әнші бұған дейін "халықаралық құқыққа қайшы әрі үлкен резонанс тудырған" саясатты ашық қолдаған. Олардың пікірінше, бұл Қазақстан қоғамында әлеуметтік шиеленіс әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, концерттердің өтуі Қазақстанның халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу жөніндегі сыртқы саяси ұстанымына қайшы.


"Түкіргенім бар": Қазақстандықтар ресейлік әншінің еліміз туралы айтқан сөзіне наразы болып Алматыда өтетін концертіне бойкот жариялады

Дженнифер Лопестің концерті Алматыға 10 миллиард теңге әкелді


Өтініште екі негізгі талап көрсетілген. Біріншісі – Полина Гагаринаның Алматы мен Астанадағы концерттерін тоқтату, екіншісі – ұлтаралық келісім мен қоғамдық тәртіпке теріс әсер етуі мүмкін шетелдік әртістерді шақыру ісіне бақылауды күшейту. 

Жарияланған сәтте петиция 50 қол жинаған және әрі қарай дауыс беруге жабық. Ол қазір модерация кезеңінде тұр, бұл 20 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін. 

Полина Гагаринаның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Астанадағы концерті 27 қарашаға жоспарланған, алайда әзірге билеттер сатылымға шықпаған.

Еске салсақ, бұған дейін Дженнифер Лопестің шоуын ұйымдастырғандар Астанада Шакираның концертін өткізуді жоспарлап отырғаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 26 Тамыз, 2025 19:05
Талқылау