Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар полицияға банк қосымшалары арқылы шағымдана алады

полицияФото: shutterstock.com

Қазақстанда азаматтарға полицияға тікелей жүгінуге мүмкіндік беретін "Заң және тәртіп" атты жаңа цифрлық сервис іске қосылды. Енді өтінішті танымал банк қосымшалары мен eGov Mobile арқылы жіберуге болады.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сервис eGov Mobile мемлекеттік қызметтердің ресми порталы, Kaspi.kz және Halyk Bank - танымал банк мобильді платформаларда қолжетімді.

"Заң мен Тәртіп" қосымшавсы арқылы азаматтар жол-көлік оқиғалары, жол жүру ережелерін бұзу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балаларға қатысты оқиғалар, өзге де құқықбұзушылықтар мен оқиғалар туралы жедел түрде хабарлай алады.

Сонымен қатар, полиция қызметкерінің әрекетіне де шағымдануға болады.Қолданушылар мәтіндік хабарлама, дауыс жазба, бейне немесе фото материалдар жолдай алады.

Әрбір жолданған өтініш жүйеде автоматты түрде тіркеледі. Азамат өтінішінің қаралу мәртебесі туралы хабарлама алып отырады. Сондай-ақ, кері байланыс жасауды қамтамасыз ететін жедел басқару орталығының диспетчерімен чат қолжетімді.

Сервис ІІМ-нің "102" мобильді қосымшасы негізінде әзірленіп, азаматтардың қажеттіліктері мен заманауи цифрлық шешімдер ескерілген.

Айнұр Мұхади
Жұма, 24 Қазан, 2025 17:00
Талқылау