Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар мәйіт зорлаған сюжеті бар қырғызстандық фильмнің кинотеатрда көрсетілгеніне қарсы шықты

Қазақстандық кинотеатрларда 13 ақпаннан бастап көрсетілген қырғыздың "46 түн" фильмінің сюжеті ел тұрғындарының наразылығын тудырды. Осыдан кейін ол кинотеатрлардан алып тасталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

"46 түн" – қырғыз режиссері Айбек Бектеміровтың биыл шыққан детектив және триллер жанрындағы фильмі. Фильм сюжеті шынайы оқиғаға негізделген. Кинода 1990 жылдары 28 жыл бойы өлген 46 әйелдің мәйітін зорлаған қылмыскердің оқиғасы көрсетілген.

Михаил Лукьянов есімді маньяк әуелі өз әйелінің өлі денесін зорлаған. 30 жылға жуық бейіттерді аралап өмір сүрген оны Ресей, Қырғызстан, Қазақстанның полиция қызметкерлері ұзақ жылдар бойы қолға түсіре алмаған. Оның құрбандарының ішінде 69 жастағы әже мен 3 жасар қыздың мәйіттері болған. Ол кейіннен ұсталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. 

Фильмді кинотеатрлардан көрген қазақстандықтар оған жаппай шағымын білдірген.  

"Осындай кино түсіруге бола ма? Өлген әйелдің мәйітін қазып алу деген, адамды қорлау ғой. Осындай туындыны түсіруге, жария етуге қалай рұқсат етілген? Көрудің өзі өте қорқынышты", "20 жастағы сіңлім киноға барайық, деген соң келдік. “46 күн” фильмі хит болып жатыр деп өзі таңдады. Залға кірсек еркек өлген әйелін бейітінен шығарып зорлап жатыр. Шошып кеттім. Қанша менталды сау емес адамдар қаптап жүр. Сондайлардың миына сап етіп осындайлар кірсе қиын ғой. Нені насихаттап жатыр мыналар?", "Бұл киноға бармаңдар, көрмеңдер. Мұны қандай мақсатта көрсетіп отырғанын түсінбеймін. Көктемде онсыз да адамдарда психологиялық аурулар шығады ғой", – деп жазды желі қолданушылары. 

@aibek.bektemirov

Фильм “46 НОЧЕЙ” (некрофил) Выходит в прокат в Казахстане с 13го февраля во всех кинотеатрах🇰🇿

♬ оригинальный звук - АЙБЕК БЕКТЕМИРОВ

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Мәдениет және ақпарат министрлігіне фильмді кинотеатрларда көрсетуге не себепті рұқсат берілді, зорлық-зомбылықты пропаганда жасау емес пе, деген сауалдармен жүгінді. 

Министрлік мәліметінше, "46" түн фильмі 25 ақпаннан бастап прокаттан алып тасталды.

"Қазіргі уақытта көрермен арасында "46 түн" фильміне қатысты сын-пікірлер айтылып жатыр. Қазақстанның "Кинематография туралы" Заңының 8 - бабына сәйкес кинотуындыда өзін-өзі өлтіру, адам өлтіру, отбасылық өмір проблемалары мен ажырасу, есірткіге және алкогольге тәуелділік, жыныстық қатынас немесе басқа да эротикалық әрекеттер көрініс тапса, дөрекі, былапыт сөздер қолданылса "18 жастан бастап" немесе "21 жастан бастап" жас санаты беріледі. Осы орайда, фильмге "18 жастан бастап" жас санатымен прокаттау куәлігі ұсынылды. Қоғам тарапынан сынға ұшырауына қатысты "46 түн" фильмінің дистрибьюторы "Ascar Cinema" ЖШС прокаттаушы компания өз бастамасымен фильмді 2025 жылы 25 ақпаннан бастап Қазақстанда прокаттан алу туралы шешім қабылдады", – делінген хабарламада. 

Билет сататын қазақстандық онлайн жүйе Ticketon мен Kino.kz сайтын тексеріп көрдік. Шын мәнінде фильм прокаттан алып тасталыпты.  

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық "Рэкетир 3" фильмі қылмыстық авторитеттің ұлына байланысты Қырғызстанда тыйым салынғаны туралы жазған едік. 

Талқылау