Абай облысында қар құрсауында қалған тұрғындарды құтқаруға тікұшақ жұмылдырылды (видео)
Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысындағы апатты-құтқару жұмыстары қалай жүріп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Құтқарушылар алыс жолға шықпауға кеңес бергенімен, кей тұрғындар ескертуді елемей сапарлаймын деп қар құрсауында қалып жатыр.
Бүгін МИ-8 әуе бөлімшесінің тікұшағымен қар құрсауынан тағы 32 адам, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды. Қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшағымен 12 адам эвакуацияланды.
Видео: Төтенше жағдайлар министрлігі
“Жолаушылар автобусынан “Вахта” автокөлігіне дейін өтімділігі жоғары техниканың көмегімен 30 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Сонымен қатар зардап шеккен 4 адам туралы ақпарат бар. Үсік дәрежесі анықталып жатыр. Эвакуацияланғандар Қалбатау ауылына жеткізілді. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Уақытша жылыту пунктіне орналастырылды”, – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.
Видео: Төтенше жағдайлар министрлігі
Жедел республикалық және облыстық штаб жұмыс істейді.
Сенім телефоны ашылды: 8 7222 35-38-31.
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету үшін Қалбатау ауылының "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясында” психолог жұмыс істеп жатыр.
Видео: Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Қазіргі уақытта сайтта жеке құрамның 19 адамы және 4 бірлік техника жұмыс атқарып жатыр.
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Абай облысының ТЖ департаментінің жедел желісіне 25 қоңырау түскен. Оның алтауы шұғыл психологиялық көмек көрсетуді сұраған.
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
