Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар есептегіш құрылғылардағы көрсеткіштерді ұялы телефон арқылы бақылай алмақ

Есептегіш құрылғыФото: pixabay.com

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев үкіметте өткен брифингте қазақстандықтарға үйдегі есептегіш құралдарының көрсеткіштерін смартфон арқылы бақылау мүмкіндігін беру жоспарланып отырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкімет "Смарт Тұрмыс" бағытын дамытып жатқаны мәлім болды.

"Ондағы міндет – смартфоныңыз арқылы есептегіштеріңізді бақылау: тариф қандай болды, қаншалықты өсті, қаншалықты тұтындыңыз немесе төмендеді. Бірақ сирек төмендейді. Ал егер бірдеңе дұрыс болмаса, тиісті монополистерге сұрақ жолдасаңыз болады. Ұялы байланыс сияқты төлем жасай алуыңыз үшін ол банктермен біріктіріледі", – деп түсіндірді Бозымбаев.

Жобаны іске асыру үшін заңды және жеке тұлғалар барлық тораптарда ондаған мың есептегіш құрылғы орнатуы керек. Бұл құрылғыларда деректерді жіберу функциясы болуы керек, олар кейін өңделіп, цифрлық форматқа түрленеді.

Көлік министрлігі цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жүйе архитектурасын әзірлейді. Жиналған деректер республикалық деңгейде біріктіріледі, онда Big Data және жасанды интеллект технологияларын енгізу жоспарланған. Бұл динамиканы бақылап отыруға және кешенді талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған қоса, премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бүгінгі жиында тұрғын үй көмегі әлеуметтік әмиянға қосылатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, егер тарифтер көтеріліп, халықтың табысы жеткіліксіз болса, онда отбасының жалпы табысы есептеледі, егер ай сайынғы коммуналдық шығындар 7 пайыздан немесе 10 пайыздан асса, ол мемлекет есебінен – жергілікті бюджеттен өтелуі керек.

Аида Тақабаева
Бейсенбі, 07 Тамыз, 2025 13:08
Талқылау
`