Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар енді әуе билетін рәсімдегенде аты-жөніндегі ұсақ қате үшін айыппұл төлемейді

Фото: pixabay.com

Қазақстандықтар енді  әуе билеттерін рәсімдеу кезінде тегінде, есімінде немесе әкесінің атында кеткен елеусіз қателер үшін айыппұл төлемейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, бұған дейін осындай жағдайларға азаматтар шағымданған. 

“Азаматтардың өтініштерін талдау барысында әуе билеттерін рәсімдеу кезінде тегінде, есімінде және әкесінің атында кеткен елеусіз қателер үшін көптеген айыппұлдар салынғаны анықталды. 2025 жылы "Qazaq Air" АҚ (қазіргі атауы – Vietjet Qazaqstan) әуе компаниясы 3 815 жолаушының деректерін түзеткен. Олардың басым бөлігі – екі әріпке дейінгі қателер.

Астана қаласының авиациялық көлік прокуратурасы әуе компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша 2026 жылдың басынан бастап аты-жөніндегі екі әріпке дейінгі қателерді тегін түзетудің жаңа тәртібі енгізілді”, – делінген хабарламада. 



Әуе жолаушыларының құқықтарын қорғау және қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 16 Ақпан, 2026 17:48