Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар электрмобильден гөрі гибридті көлікті жиі таңдай бастаған

Қазақстандықтар гидриб көліктерді ала бастадыФото: Freepik.com

Қазақстанда қаңтар мен ақпан айларында ресми дилерлер баламалы энергия көздерімен жұмыс істейтін 708 жеңіл автокөлік (New Energy Vehicles) сатты. Оның ішінде 438-і гибрид, ал 270-і электрмобиль. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 4,2 есе көп. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Екі айдың қорытындысы бойынша ресми дилерлер 107 дәстүрлі гибрид көлік (HEV) сатқан, олардың басым бөлігі Toyota маркасына тиесілі. NEV санатындағы көліктерден айырмашылығы, мұндай гибридтер сырттан қуаттауды қажет етпейді және іштен жану қозғалтқышы мен электр моторын қатар пайдаланып, олардың арасында автоматты түрде ауысып отырады.

Қазақстанның автокөлік одағының мәліметінше, елдегі жаңа энергия көздеріне негізделген көліктер нарығы қарқынды дамып келеді. Егер 2024 жылы Қазақстанда 1083 электрмобиль сатылса, 2025 жылы дилерлер 4242 NEV-көлік өткізген. Биыл сарапшылар тұтынушылар талғамының өзгергенін атап өтіп жатыр, нарықта жаңа ойыншылардың пайда болуына байланысты қазақстандықтар қайта қуатталатын гибридтерді жиі таңдай бастады.

“Жаңа энергия көліктері әлемдік нарықта өз позициясын біртіндеп нығайтып келеді. Қазақстанда электрмобильдер сатып алушыларды қызықтырып, кең аудитория үшін қолжетімді әрі тиімді таңдау болып отыр. NEV үлесі сату құрылымында алдағы уақытта арта береді. Жақын жылдары таза электрмобильдер нарықтың елеулі бөлігін әмбебап гибридтерге беруі мүмкін”, – деді Қазақстанның автокөлік одағының президенті Анар Макашева.


Zeekr аккумулятор ақауына байланысты 38 мыңнан астам көлікті Қытайға кері қайтарып жатыр

Volkswagen Еуропада электрмобиль сатылымы бойынша Tesla-ны басып озды


Электрмобильдер мен гибридтер сатылымы бойынша көш бастап тұрған – қытайлық BYD бренді, 428 көлік сатылған. Екінші орында – Li Auto (164), үшінші орында – Zeekr (42). Ал үздік бестікке Geely Galaxy (28) және ROX (20) гибрид кроссоверлері енді.

Ең танымал NEV модельдерінің ондығына кірді:

  • гибридті BYD Song Plus DM-i – 127 көлік;
  • электрлі кроссовер BYD Yuan Up – 121;
  • гибридті Li L6 – 102;
  • гибридті BYD Chazor – 87;
  • батареямен жұмыс істейтін BYD Song Plus EV – 63;
  • Li L7 – 41;
  • BYD Sealion 7 – 27;
  • Geely Galaxy EX5 EM-i – 25;
  • ROX 01 – 20;
  • Zeekr X – 20.
Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 26 Наурыз, 2026 11:29