Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Backstreet Boys әншілерін моншаға түсіріп, елдеріне шығарып салды

Backstreet BoysФото: https://www.instagram.com/backstreetboys/

Танымал америкалық топ Backstreet Boysты қазақстандықтар моншаға түсіріп, демалыс сыйлап шығарып салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иелері саунада жүрген фотоларын жеке парақшаларына жариялады. 

"Қазақстандағы концерттеріміз арасында аздап демалып, тынығуға уақыт таптық", – делінген жазбада.

Топ солистері Ник Картер мен Брайан Литтрелл Қазақстанға жасаған сапары туралы айтып, көрермендерге жылы қабылдағаны үшін алғыс білдірді.

"Қазақстанда ғажайып уақыт өткіздік. Бізді керемет жылы қабылдады. Әлемнің түкпір-түкпірінде жанкүйерлерімнің бар екеніне қуаныштымын. Өнер – бәрімізді біріктіретін күш. Өз атымнан ағаш отырғыздым", – деп жазды Брайан Литтрелл.



Айта кетейік, Backstreet Boys музыканттарын Астанада ерекше қарсы алғанын жазған едік. 

Музыканттар ұшақтан түскен бойда оларды жанкүйерлері қоршап алған. Сосын кенеттен "Everybody" деген трек қосылып, барлығы билей бастайды. Олардың арасында тазалаушы, стюардесса, ұшқыш және бизнес терминалындағы "кездейсоқ" жолаушылар да бар. Продюсер Мәлік Хасеновтың айтуынша, флешмобқа 30 кәсіби биші қатысқан.

"Музыканттар бастапқыда абдырап қалды. Кейін телефондарын қолын алып, түсіріп, қосылып ән айтты", – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Backstreet Boys тобының мүшелері биді видеоға түсіріп, оны өздерінің аккаунттарында жариялап, әсерлерімен бөлісті.

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025 13:23
Талқылау