Қазақстандықтар азық-түлік бағасының күрт өскеніне жаппай шағымдануда: Ауыл шаруашылығы вице-министрі бұл ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстандықтар азық-түлік бағасының күрт өскеніне жаппай шағымдануда. Ал ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Баспасөз мәслихатында журналистер ауыл шаруашылығы вице-министрінен жаңа жылдан басталғалы азық-түлік бағасының күрт өсуіне не себеп екенін сұрады.
Вице-министр Азат Сұлтанов Қазақстанда азық-түлік бағасының күрт өсуі байқалмайтынын айтты.
Қазақстанда азық-түлік, пәтер жалдау және коммуналдық қызметтерге ваучерлер берілмек
Африкаға қарағанда бізде арзан – "Бәйтерек" холдингінің басшысы елдегі ет бағасы туралы
"Өткен аптаның қорытындысы бойынша баға өсімі бар болғаны 0,2%-ды құрады. Негізгі фактор маусымдық жағдай: көкөністерді сақтау шығындары, кеуіп кетуі, жарамсызын алып тастау. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсу индексі небәрі 0,6%. Иә, қырыққабат, сәбіз, картоп, нан және ұн бағасында өсім бар, бұл маусымдық құбылыс. Жалпы алғанда, азық-түлік бағасы тұрақтандырылған, біз бағаның күрт қымбаттауына жол бермейміз", – деді вице-министр.
Ал әлеуметтік желілерде қазақстандықтар вице-министрдің бұл көрсеткіштерімен келіспейді. Қазақстандықтар жаңа жыл басталғалы азық-түліктің 15-20%-ға қымбаттағынын алға тартады.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар коммуналдық қызметтердің күрт қымбаттағанына шағымданған еді.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"
"Ауызашардамын" деп сурет салуға болмайды: Исламтанушы Рамазан айында неден тыйылу керегін айтты
Қанат Байбосынұлы: "Рамазан айында кедей кедейлігін, бай байлығын сезінбеуі керек"