Қазақстандықтар ақша жұмсамаса, зейнетақы төлемдері тоқтатылады: Еңбек министрлігі жауап берді
Фото: freepik.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кейбір қазақстандықтар шоттарын пайдаланбаған жағдайда зейнетақы төлемдері тоқтатылуы мүмкін деген ережені түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бәрі неден басталды?
Бір күн бұрын Қазақстанда зейнеткерлер шотын пайдаланбаса, төлемдері тоқтатылатыны туралы ақпарат пайда болды. Осындай жағдай жуырда Петропавл қаласында болды. 72 жастағы зейнеткер әйелдің зейнетақы төлемдері тоқтатылған. Себебі ол 90 күн бойы банк картасынан ақша шешпеген. Кейбір заңгерлердің пікірінше, бұл норма қолданыстағы заңнамада көзделген.
Министрлік не дейді?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті бұл мәселе бойынша түсініктеме берді.
Олардың айтуынша, еліміздің заңнамасына сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мен жасына байланысты зейнетақы төлемдері алушының банк шотында 3 ай немесе одан да көп уақыт тұратын болса, онда төлемдер келесі айдың бірінші күнінен бастап уақытша тоқтатылады.
"Шығыс операциялары – бұл шоттағы кез келген әрекет. Бұл сатып алу үшін төлем, депозиттерге немесе басқа шотқа ақша аудару болуы мүмкін. Бұл норма қаражаттың жиналуына кедергі емес. Бұл алушылар өз шоттарын пайдаланбаған немесе оларға кіру құқығын жоғалтқан, кейіннен үшінші тұлғалардың қолына түсуі мүмкін жағдайларда алушыларды қорғау үшін қажет", - делінген хабарламада.
Министрлік мәліметінше, мемлекеттік орган зейнетақыны есептеуді тоқтата тұруға негіз тапса, алушыға Қазпошта арқылы хабарлама жіберіледі. Зейнетақы мен жәрдемақыны ұзарту үшін өтініш беруші Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) хабарласа алады екен.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық әйел үш ай бойы шотынан ақша шешпегені үшін зейнетақы төлемдерін тоқтатып тастағаны туралы жазған едік.