Қазақстандықтар ақбөкендердің жаппай қырылуынан инфекция тарай ма деп алаңдайды
БҚО-да желіде тараған ақбөкендердің жаппай өлексесі тұрғындарды шошытты. Жануарлар елді-мекендерге жақын жерде жүретіндіктен халық олардың өлекселерінен инфекция, ауру тарай ма деп қорқатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото сюжет кадрларынан скрин
Аймақ тұрғындары бұрын қауіпті инфекциядан мыңдаған дала бөкендерінің өлгенін ескеріп алаңдаушылық танытып отыр.
Алайда маманда бұл аймақта ақбөкендердің көп мөлшерде қырылмағанын жеткізді. Айтуынша олардың ішінде өлекселер де тірілер бар. Көп ақбөкендер жерде жатып қалған. Қатты дем алып, денелерінде құрысулар болып, тұра алмай қалған.
Мамандар сол жерге барып, әзірге тек жеті өлік тапқан. Алайда олар неден өлгенін анықтау мүмкін болмады. Бірақ инспекторлар алаңдауға негіз жоқ екенін айтып сендірді.
“Ақбөкендердің ұшалары өзара іс-қимыл схемасына сәйкес мал қорымында кәдеге жаратылды. Алайда қыркүйек айында ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықтың мамандары адамдар мен жануарларға аса қауіпті түрлі ауруларды зерттеу үшін ақбөкендердің ұшасынан сынама алды. Осы сынамалардың нәтижелері бойынша ешқандай инфекция табылмады. Яғни ешқандай аурулар, соның ішінде пастереллез анықталған жоқ”, – деді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі облыстық аумақтық инспекциясының бас маманы Арман Ізімғалиев.