Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар 8 наурызда жаппай алаяқтарға ұрынады: Полиция ескерту жасады

Қазақстандықтар 8 наурызда жаппай алаяқтарға ұрынады: Полиция ескерту жасадыФото: Ru.freepik.com

Елімізде құқық қорғау органдары Хаықаралық әйелдер күнінде пайда көремін деп заңсыздыққа баратын алаяқтар көбейетінін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мереке күндері “гүл жеткіземіз” немесе “сыйлық ұтып алдыңыз” деген желеумен хабарласатын интернет-алаяқтар белсенді жұмыс істейді. 

“Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз жақындап қалды. Бұл – аналарымызға, әпке-сіңлілерімізге, қыздарымызға және барша әйел қауымына құрмет пен алғыс білдіретін ерекше күн. Алайда дәл осы мереке қарсаңында интернет-алаяқтар да белсенді болады”, – деп хабарлады Абай облысы полиция департаменті.

Полиция өкілдерінің сөзінше, алаяқтар түрлі сылтаумен телефонға келген SMS-кодты айтуды сұрайды. 

“Мереке қарсаңында алаяқтар қоңырау шалып немесе “сізге гүл жеткізіледі”, “курьерге SMS-кодты айтыңыз”, “cіз сыйлық ұтып алдыңыз” деп хабарлама жібереді. Одан кейін телефонға келген растау кодын сұрайды”, – дейді тәртіп сақшылары.

Негізі банк қызметкерлері де, курьерлер де ешқашан растау кодын талап етпейді. Сондықтан кодты айтқан жағдайда, қаражаттан айырылып қалупі бар. 

“Алаяқтар әлеуметтік желілерде жалған парақшалар ашып, тауарларды төмен бағамен ұсынады, алдын ала төлем алып, кейін ізін суытады”, – деп ескертті полиция.

Полиция тұрғындарға тауарды тек сенімді сатушылардан тапсырыс беруге , толық алдын ала төлем жасаудан бас тартуғы және банк картасының деректерін бөгде адамдарға бермеу ге кеңес береді. Сондай-ақ күмәнді сілтемелерге кірмеуге, жеке деректерді айтпауға, “тегін сыйлықтар” және белгісіз шоттарға ақша аудармауға шақырады.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 25 Ақпан, 2026 16:07