Қазақстандық зілтемірші Арли Чонтей Ташкентте әлем чемпионы атанды
Қазақстандық зілтемірші Арли Чонтей Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Серпе көтеру жаттығуы бойынша да таза өнер көрсетті. Максималды көрсеткіш 142 келіге жетті. Жалпы 260 келі көрсеткішпен отандасымыз жеңіске жетті.
Екінші орын Таиландтан келген Тада Сомбунуанға бұйырды. Ол 256 (115+141) ұпай жинады. Ал үздік үштікке болгариялық Ангел Русев кірді. Ол 254 келі (110+144) нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты кеше, 7 желтоқсан күні Ташкентте басталды. Қазақстан атынан біріншілікте 5 спортшы өнер көрсетеді: Арли Чонтей, Нұрғиса Әділетұлы мен Артем Антропов (екеуі де 96 келіге дейін), Карина Құзғанбаева (81 келіге дейін) және Айзада Муптильда (87 келіден жоғары).
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”