Қазақстандық жауынгер қыз АҚШ-та чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығады

Қазақстандық ару аралас жекпе-жек шебері Аян Тұрсын АҚШ-та өтетін беделді турнирде чемпиондық белбеу үшін октагонға шығады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол Cage Fury Fighting Championships (CFFC) промоушенінде титулдық жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне қол жеткізді.
Жеңіл салмақта өнер көрсететін отандасымыз жапониялық спортшы Ариса Мацудамен өзара мықтыны анықтайда. Айта кету керек, қарсыласы кәсіби мансабында бірде-бір те жеңілмеген. Оның еншісінде 7 жеңіс бар.
31 жастағы Аян Тұрсын үшін бұл CFFC ұйымындағы алғашқы жекпе-жек болмақ. Бұған дейін қазақстандық спортшы Octagon және Dala Fighting Championship лигаларында өнер көрсетіп, тәжірибе жинаған.
Екі файтердің титул үшін тартысы 2026 жылдың 6 ақпанына белгіленген.
Аталған кештің басты жекпе-жегінде Қырғызстан өкілі Бусурман Жумагул мен америкалық Дэниэл Моррисон арасында болады. Қос боксшы жартылай орта салмақта чемпиондық атақты сарапқа салады.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?

