Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жауынгер Азат Мақсұм UFC-дің тарихи турнирі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Фото: UFC.com

UFC кезекті жарыс алдында октагонға шығатын файтерлерін салмақ өлшеу рәсімінен өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Championat.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ертең Әзербайжан астанасы Бакуде UFC on ABC 8 турнирі өтеді. Бұл — UFC тарихындағы Әзербайжанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған жарыс. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы чемпион Джамал Хилл америкалық Халил Раунтримен кездеседі.

Айта кетейік, осы тарихи жарыста Қазақстан атынан октагонға Азат Мақсұм шығады. Ол ең жеңіл салмақ дәрежесінде Тагир Уланбековпен күш сынасады.

Турнир қарсаңында барлық қатысушылар ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Жекпе-жек кешінің басты және алдын ала (прелим) бөлігіндегі салмақ өлшеу нәтижелері төмендегідей:

Басты кард:

  • Жартылай ауыр салмақ: Джамал Хилл — 93,44 кг, Халил Раунтри — 93,44 кг

  • Жеңіл салмақ: Рафаэль Физиев — 70,53 кг, Игнасио Бахамондес — 70,53 кг

  • Ауыр салмақ: Кёртис Блэйдс — 117,02 кг, Ризван Куниев — 119,97 кг

  • Аралық салмақ (74,84 кг дейін): Тофик Мусаев — 73,93 кг, Мыктыбек Оролбай — 74,84 кг

  • Жеңіл салмақ: Назим Садыхов — 70,3 кг, Николас Мотта — 70,53 кг

  • Жартылай жеңіл салмақ: Мухаммаджон Наимов — 66,22 кг, Богдан Град — 66,22 кг

Прелим кард:

  • Жартылай орта салмақ: Сок Хюн Ко — 76,88 кг, Обан Эллиотт — 77,33 кг

  • Орта салмақ: Исмаил Наурдиев — 84,36 кг, Чун Ён Пак — 84,36 кг

  • Әйелдер арасындағы жеңіл салмақ: Дарья Железнякова — 61,68 кг, Мелисса Маллинс — 61,68 кг

  • Әйелдер арасындағы жеңіл салмақ: Ирина Алексеева — 61,46 кг, Клаудия Сыгула — 61,23 кг

  • Ең жеңіл салмақ: Тагир Уланбеков — 57,15 кг, Азат Мақсұм (Қазақстан) — 57,15 кг

  • Ауыр салмақ: Хамди Абдельвахаб — 115,43 кг, Мохаммед Усман — 110,9 кг

Абылайхан Палмағанбет
Жұма, 20 Маусым, 2025 14:05
Талқылау