Қазақстандық жас теннисші Тунистегі турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші, әлемнің 771-ракеткасы, 18 жастағы Әмір Омарханов Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінің финалында жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанның жас жұлдызы шешуші бәсекеде әлемнің 382-ракеткасы, түркиялық Мерт Алкаямен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда Әмір 7:5 есебімен басым түсті. Екіншісінде түркиялық теннисші есе қайырды – 6:1. Үшінші, шешуші сетте Омарханов таразы басын өзіне аудара білді – 7:5.
Осылайша, Әмір Тунисте үздік шықты. Ол қазірдің өзінде ATP Live рейтингісінде бірден 643-орынға көтеріліп тұр.
Қазақстандық теннисші сонымен қатар франциялық Виктор Паганеттимен бірге жұптық сында доданың жартылай финалына дейін жетті.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”