Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жас боксшылар халықаралық турнирде жеті алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық жас боксшылар халықаралық турнирде жеті алтын медаль жеңіп алдыФото:ҚБФ

Черногорияның Будва қаласында “Адриатика жауһары” халықаралық турнирі өтті. Қазақстан атынан барған 17–18 жас аралығындағы боксшылар жалпы 19 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нақтылай кетсек, 19 жүлденің жетеуі алтын медаль. Оның үшеуін ұлдар, төртеуін қыздар еншіледі.

Чемпион атанғандар:
    •    Әділ Асқанбай –  50 келі
    •    Данияр Ақбисенов – 60 келі
    •    Ақжүрек Қалабай –  65 келі

Күміс жүлдегерлер:
    •    Нұрхан Құмарбеков – 50 келі
    •    Айдамир Сауытбек –  +90 келі

Қола медаль иегерлері:
    •    Нұрбек Қыздарбек –  80 келі
    •    Дәулет Төлеуғалиев –  +90 келі

Қыздар арасындағы жарыста қазақстандық боксшылар жоғары нәтиже көрсетті.

Алтын медаль иегерлері:
    •    Мәдира Жұмақан – 48 келі
    •    Рамина Маханова – 54 келі
    •    Алина Құдайгенова –  60 келі
    •    Алтынгүл Аймұхан –  75 келі

Күміс жүлдегерлер:
    •    Ғалиябану Ғабит –  48 келі
    •    Жәнел Имантаева –  54 келі
    •    Индира Қыдырмолдаева –  60 келі
    •    Жайнагүл Сабыржан –  65 келі
    •    Жансая Молдабаева –  80 келі

Қола жүлдегерлер:
    •    Жәмила Болатбекқызы – 54 келі
    •    Жаннұр Қалдыбек – 54 келі
    •    Ксения Свечкарова –  65 келі

Айта кетейік, айтулы турнирде 150 боксшы бақ сынады. Байрақты бәсеке 4–11 наурыз аралығында өтті.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 13 Наурыз, 2026 12:40