Қазақстандық жалған құжат рәсімдеп мемлекеттен үй алған

Фото: Ru.freepik.com
Тараз қаласының тұрғыны жалған құжаттар рәсімдеп, заңсыз жолмен мемлекеттен пәтер алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Заңсыздық қала әкімдігінің Тұрғын үй қатынастары бөлімі жүргізген тексеріс кезінде анықталды. “С” есімді әйел өзін мемлекеттік қызметкер деп таныстырған.
“Өзін мемлекеттік қызметкер ретінде таныстырып, қаланың “Ұлы Дала” шағынауданынан мемлекеттік тұрғын үй қорынан екі бөлмелі пәтер алған. Сот-қолтаңба сараптамасының қорытындысына сәйкес, тапсырылған анықтама жалған болып шықты”, – деп мәлімдеді Жамбыл облысының прокуратурасы.
2025 жылы 22 шілдеде алаяқтық фактісі бойынша полиция қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды.
Қазір жылжымайтын мүлік мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр. Кейін бұл пәтер баспанаға мұқтаж азаматтарға беріледі.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды