Қазақстандық үш боксшы әлем кубогын жеңді

Фото: Stan.kz коллажы
Астанада өтіп жатқан бокстан әлем кубогын үш қазақстандық жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Назым Қызайбай Астанада өткен бокстан әлем кубогы кезеңінде Қазақстанға алғашқы алтынын әкелді. Ол шешуші жекпе-жекте үндістандық Минакшиді жеңді.
Махмұд Сабырханның қарсыласы жапониялық Руи Ямагучи финалда жұдырықтасудан бас тартты. Сол себепті алтын медаль қазақстандық боксшыға бұйырды.
Бекзад Нұрдәулетов 85 келі салмақта үндістандық Жугно Жугномен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы алғашқы раундтан-ақ қарсыласын нокдаунға түсіріп, 5:0 есебімен әлем кубогы алтын жүлдесін жеңіп алды.
Ал Нұрбек Оралбай француз Йожерлин Сезардан финалда жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.
Бұған дейін әлем кубогының финалына 12 қазақстандық боксшы шыққаны айтылды.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Еңбек кітапшасын жоғалтып алған: Танымал продюсер зейнетке шыға алмай жүргенін айтып берді
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен

