Қазақстандық турист Шарм-эль-Шейх әуежайында көз жұмды: Әйелге жарнама тақтасы құлап кеткен

Фото: instagram.com/pro_astanu/
Египеттің Шарм-эль-Шейх қаласының әуежайында үш қазақстандықтың үстіне жарнама тақтасы құлап кетті. Оқиға Астана бағытындағы рейске отырғызу кезінде болған. Салдарынан бір адам көз жұмып, екеуі жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратты елдің сыртқы істер министрлігі растады.
“Кеше Шарм-эш-Шейх әуежайында рейсті күту аймағында жарнама тақтасы құлап кетті. Салдарынан Қазақстан азаматы көз жұмды, тағы екі отандасымыз жеңіл жарақаттар алды. Марқұмның туыстарымен байланыс орнатылды, елші барлық сұрақ бойынша көмектесіп жатыр. Зардап шеккен әйелдерге қажет медициналық көмек көрсетілді, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ”, – делінген хабарламада.
Египет тарапы болған жағдайға байланысты көңіл айтқан. Египеттің азаматтық авиация министрі жағдайды өз бақылауына алып, оқиға орнына комиссия жіберген. Қазір тергеу жүріп жатыр.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті